Түркістанда биыл қылмыс саны азайған

Түркістанда биыл қылмыс саны азайған

38 просмотров

Түркістанда биыл қылмыс саны азайған

Ішкі істер органдарында 1995 жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан полиция полковнигі Бауыржан Селтанов 2020 жылдың наурыз айынан бастап Түркістан қалалық полиция басқармасының бастығы қызметіне тағайындалған. Ол өз жұмысын жақсы білетін, заң аясында орындайтын, бірде-бір рет тәртіптік жауапкершілікке тартылмаған білікті қызметкерлердің бірі болып саналады. Сондықтан оған Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласының тәртібін қадағалау жауапкершілігі сеніп тапсырылды.Осы лауазымға тағайындалған сәттен бастап полиция полковнигі Бауыржан Селтанов облыс орталығындағы криминогендік жағдайды жақсартуды, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуді, түрлі қылмыстардың алдын алу мақсатындағы жұмыстарды жандандырды. Соның арқасында Түркістан қаласында қоғамдық орындар мен көшелерде жасалатын қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтар саны азайды деп айтуға болады. Бұл жөнінде бүгін, полиция полковнигі Б.Селтанов халық алдындағы есеп беруін онлайн-режимде өткізу барысында айтып өтіп, 2020 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Түркістан ҚПБ-ның бастығының айтуынша: «Түркістан ҚПБ-ның қызметкерлерімен 2020 жылдың 9 айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қылмыс саны 23,4% — ға төмендеді. Оның ішінде, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар — 42,5%-ға, көшелерде жасалғаны — 36,5%-ға кеміген. Бұдан басқа, тонау — 57,1% -ға, қарақшылық — 75% -ға, бұзақылық-28,1% -ға , бөтен мүлікті ұрлау-32,8% -ға, оның ішінде пәтер тонау-39,7% -ға төмендеді. Облыстан бөлек, түркістандық полицейлердің күндізгі және түнгі топтарға бөлініп, криминогенді аумақтарда күшейтілген жұмыстар жасауын ұйымдастырдым. «Көрші назары», «Тұрғын үйлерді күзет агенттігіне өткізу» тақырыбында халық арасында кездесулер өткіздік. Жыл бойы орталық автобекеттерде және қоғамдық автокөліктерде меншікке қарсы қылмыстардың яғни, интернет алаяқтық, қалта ұрлықтарының алдын алу мақсатында қоғамдық көмекшілердің қатысуларымен (сақшы-сарбаз) үгіт-насихаттау, жаднамаларды тарату жұмыстары атқарылуда. Қала аумағында ломбардтар, темір-терсек қабылдау орындарының иелерімен, мал дәрігерлерімен, қасапшылармен көшелерде жиналыс өткізіліп, заң нормалары бойынша түсіндірме жүргізіліп, ескертпе хаттарын тараттық. Ал, Түркістан қаласында орын алған жол-көлік оқиғаларына тоқталар болсақ, 2020 жылдың 9 ай қорытындысын былтырғы жылмен салыстырғанда 12,5 пайызға, оның ішінде адам қайтыс болғаны 33,3 пайызға, жарақаттанғаны 43,9 пайызға азайып отыр.» -деп атап өтті.Сондай-ақ, тұрақты негізде «Көршінің бақылауы», «Қауіпсіз қала», «Жасөспірім», «Құқықтық тәртіп» және басқа да жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізіліп нәтижесінде 54743 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған, оның ішінде «нөлдік төзімділік» бойынша 5429 құқық бұзушы жауапқа тартылғаны белгілі болды.Елімізде болып жатқан індетке байланысты карантин режимін бұзудың 572 жайты анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабына сәйкес тиісті шара көру үшін Түркістан қаласы тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасымен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданған. Өзінің есептік баяндамасында Бауыржан Селтанов: «Түркістан – қауіпсіз қала» болуы үшін, тек полиция қызметкерлері емес, облыс тұрғындары да үлес қосуы қажет. Себебі, Тәртіп – ол әрқайсыңыздың отбасыңыздан басталады. Ал, тәртіп сақшылары сіздің тыныштығыңыз бен қауіпсіздігіңізді сақтауда қашанда қызметке дайын!»-деп қорытындылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *