ТҮРКІСТАНДА БИЫЛ ӘЛЕМДЕ ТЕҢДЕСІ ЖОҚ ТУРИСТІК КЕШЕН АШЫЛАДЫ

ТҮРКІСТАНДА БИЫЛ ӘЛЕМДЕ ТЕҢДЕСІ ЖОҚ ТУРИСТІК КЕШЕН АШЫЛАДЫ

18 просмотров

ТҮРКІСТАНДА БИЫЛ ӘЛЕМДЕ ТЕҢДЕСІ ЖОҚ ТУРИСТІК КЕШЕН АШЫЛАДЫ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс орталығында жүріп жатқан әкімшілік, әлеуметтік нысандардың құрылыс қарқынын бақылады. Облыс басшысы Түркістан қаласындағы басқармалар ғимараты мен драма театры, Қ.А.Яссауи музейінің, Ұлы Жібек жолы қолөнершілер Ұлттық орталығы ғимараттарының құрылыс алаңдарында болды. Құрылыс жұмыстары аяқталып қалған нысандарда ішкі әрлеу, техника мен жиһаз орнату және сыртқы абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында «Sembol construction» түрік компаниясы қолға алған «Керуен-сарай» көпфункционалды туристік кешен құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Құны 39 млрд теңге тұратын әлемде теңдесі жоқ туристік кешенде заманауи қонақ үйлер, шығыс базары, мейрамханалар іске қосылып, жасанды көл пайда болады. Бірегей жобада көне шаһардың көрінісі сақталған. Құрылыс жұмыстары биыл аяқталады деп күтілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *