Түркістанда төтеншеліктер біліктіліктерін арттырды

Түркістанда төтеншеліктер біліктіліктерін арттырды

15 просмотров

Түркістанда төтеншеліктер біліктіліктерін арттырды

Түркістан қаласының дамуына, қала аумағына көп қабатты тұрғын үйлер салынуына байланысты Түркістан облысының ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Қызметтің ӨСКҚ жедел кезекшісі қызметкерлердің жетекшісімен Түркістан қаласындағы №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі, Кентау қаласының №12 Өрт сөндіру бөлімі, Ескі Икан ауылының №35 және Шорнақ ауылының №24 өрт сөндіру бекеттерінің қызметкерлерімен «Жоғары қабатты ғимараттардағы өртті сөндіру» тақырыбында Түркістан қаласының Б.Саттарханов данғылында нөмірсіз мекенжайында орналасқан көп қабатты тұрғын үйлерде өрт-тактикалық оқу сабағы өтті.

Оқу жаттығуға 2 негізгі, 1 арнайы Автосаты (АЛ-32), штабтық автокөлiктері және 20 қызметкер жұмылдырылды.

Өртенген заттың иісі немесе түтіннің пайда болуы – басталған өрттің алғашқы белгісі. Ең алдымен, өз-өзіңізді қолыңызға алып, уайымдамауға тырысыңыз. Өрт сөндіру диспетчеріне қоңырау шалып, мекен-жайыңызды айтыңыз. Егер, өрт сөндірушілер келгенге дейін өртті сөндірсеңіз, сіздің қоңырауыңыз «жалған қоңырау» болып есептелмейді. Өрт сөндірушілер өрт болған орынды тексеріп, келесі жолы бұндай жағдай болмас үшін оның шығу себептерін анықтайды.

Жаңа ғана басталған өртті өз күшіңізбен, су, жамылғыш, өртсөндіргіш арқылы тоқтатуға болады. Егер, сіздің ыңғайыңызға көнбесе, дереу қашып, кәсіби мамандарға жүгініңіз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.