ТҮРКІСТАНДА САРҚЫНДЫ СУ ЖҮЙЕЛЕРІ ҚАЛЫПТАСЫП КЕЛЕДІ

ТҮРКІСТАНДА САРҚЫНДЫ СУ ЖҮЙЕЛЕРІ ҚАЛЫПТАСЫП КЕЛЕДІ

11 просмотров

ТҮРКІСТАНДА САРҚЫНДЫ СУ ЖҮЙЕЛЕРІ ҚАЛЫПТАСЫП КЕЛЕДІ

Түркістан қаласында соңғы жылдары сарқынды су жүйелерін қалыптастыру ісі бір ізге түсіп келеді. Тұрғындар жаңадан үй салса қалдық су үшін ауласынан арнайы құдық (септик) қазатын. Ал, қазіргі жағдай мүлде басқа. Қалдық суыңызды көшеңізден өткен арнайы сарқынды су жүйесіне қосуыңыз қажет. Бұл да өркениеттің бір көрінісі десек. Қала аумағында осы бағытта жүйелі жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, сарқынды су жүйелерімен қамтамасыз ету мақсатындағы жұмыстардың нәтижесінде жыл соңына дейін тұрғындардың 11,9 пайызы аталмыш жүйемен қамтылатын болады. Сол секілді ауыз су мәселесінде де жоспарланған межеге қол жеткізілуде.
Осындай инфрақұрылым бағытындағы игілікті істер қатары артуда. Қазіргі күні қалада 106,3 шақырымды құрайтын жалпы саны 81 көше күрделі, орта және ағымдағы жөндеуден өтуде. Сондай-ақ, қала аялдамалары да жаңа жобамен жасала бастады. Бұл жұмыста шаһар басшысы жазда ыстықтан, қыста суықтан қорған болуы үшін аялдамалардың жабық, ішінде теледидар, wifi болуын жүктеді. Нәтижесінде осы талаптар аясында алғаш «Әмір Темір» аялдамасы ел игілігіне берілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *