Түркістанда спорт нысандары көбеюде

Түркістанда спорт нысандары көбеюде

5 просмотров

Түркістанда спорт нысандары көбеюде

Түркістан қаласында республикалық және халықаралық спорттық жарыстарды, сондай-ақ бұқаралық спорттық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік беретін бірқатар спорт нысандары салынуда. Мұндай жұмыстар облыстың 2024 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кешенді жоспарына сәйкес жүргізіліп жатыр. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Бердашев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Оның сөзінше, жаңадан салынып жатқан спорттық нысанның қатарында 7 мың орындық «Орталық стадион» стадион бар. Құрылыс жұмыстарын «Самұрұқ-Қазына» ҰӘА қоры жүргізіп отырған нысан жоспар бойынша қыркүйек айында пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, биыл «Жабық бассейні бар спорт сарайы» да есігін айқара ашатын болады. Одан бөлек, қала аумағында жалпы құны 515 млн. 121 мың теңге болатын 13 спорт нысан бой көтеріп келеді. Оның ішінде кіші футбол алаңдары мен теннис корттары бар. Жалпы бүгінге дейін «Отырар» мөлтекауданындағы көпқабатты үйлер ортасында 9 ашық ойын алаңы ел игілігіне берілген. Мұндай спорттық нысандар облыс орталығынан бөлек, аудан қалаларда да салынуда. Мәселен, бүгінге дейін аймақта 68 мемлекеттік меншіктегі спорт мекеме тіркелген. Жалпы алғанда спорт нысандарының саны 4433 жеткен. Бұл спорттық нысандар өңірімізден ел намысын қорғайтын спортшылардың шығуына және бұқаралық спортты дамытуға оң септігін тигізіп жатқанын айтады басқарма басшысының міндетін атқарушы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *