Түркістанда су спорты дами түспек

Түркістанда су спорты дами түспек

27 просмотров

Түркістанда су спорты дами түспек

Түркістан облысының спортының дамуына үлесін қосатын бассейні бар спорт кешенінің құрылыс жұмыстары да қарқынды түрде жүргізілуде. Қазіргі таңда оның құрылыс жұмыстары аяқталуға таяған. Заманауи талаптарға сай спорт кешенінде ұлттық құрама мүшелері мен облыстың жас спортшылары да болашақта жаттығатын болады. Алдағы уақытта жаңарған Түркістанда ондаған спорттық ғимарат ел игілігіне беріледі деп жоспарланған.

Айта кетейік өңірде бұқаралық спорт пен жоғары жетістіктер спортын дамыту жолында облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевтің тікелей бас­шы­лы­ғымен көптеген жұмыстар ат­қарылуда. Мемлекеттік маңызы басым бағытты күшейту үшін спорттық инфрақұ­рылымды дамыту жолында Түркістан қаласында сан алуан жаңа ғимараттар бой көтерген. Спорт саласына зор көңіл бөлетін облыс басшысы қаладағы жаңа спорт нысандардың құрылыс алаңдарын жиі аралап, құрылы жұмысының барысын қадағалауында ұстайды.

Сонымен қатар, Түркістан өңірінде дүниежүзі бойынша кең тараған спорт түрі-футболды дамыту мақсатында УЕФА-ның халықаралық талаптарына сай 7000 адамға лайықталған алып стадион құрылысы жүргізілуде. 2 спорт зал, әлемдік аренаға жауап беретін табиғи футбол алаңы, әкімшілік бөлмелер бар спорт кешені биыл пайдалануға беріледі. Жаңа стадионда облыс құрамасының оқу-жаттығу жиындары және облыстық, республикалық және халықаралық жарыстар өтетін болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *