Түркістанда тұрғын үй салудың тәртіптерін білесіз бе?

Түркістанда тұрғын үй салудың тәртіптерін білесіз бе?

73 просмотров

Түркістанда тұрғын үй салудың тәртіптерін білесіз бе?
Түркістан қаласы облыс орталығы болғалы шаһарға басқа өлкелерден көшіп келгендер, жаңа орталықта тұрғылықты қалуға ниетті азаматтар саны артты. Қазіргі таңда құрылысы қайнаған қаланың тұрғындар саны артып, тұрғын үйлер қатары көбеюде.
Қаланың бас жоспарына сәйкес, осындай мақсатта салынып жатқан тұрғын үйлердің қабырғасын қалауында бірқатар ескерілуі қажет тәртіптер бар.
Атап айтқанда, ҚР ЕЖ 3.01-102-2012 7 жағдайын қамтамасыз етуді ескере отырып, құрылыс салушы тұрғын үй мен шаруашылық ғимараттарды орналастыру кезінде көршілес үй-жай телімі шекарасынан тұрғын үй қабырғасына дейін кем дегенде 3 метр қашықтықты сақтау керек; 1 метр – шаруашылық ғимараттарға. Одан өзге, өрт сақтау мақсатында енді салынатын екі үйдің ара қашықтығы 6 метр болуы керек.
Түркістанда тұрғын үй салудың тәртіптерін білесіз бе?
Және Түркістан қаласы аумағында салғалы жатқан тұрғын үй құрылысы барысында құрылыс бастаушылар ескере білуі қажет бірқатар ережелер орындалуы қажет. Олар: Түркістан қаласы әкімдігінің «Сәулет және қала құрылысы бөліміне» өтініш жазып, онымен қоса жер телімінің құжаттары тапсырылуы керек. Одан кейін, азаматтар бөлімнен бас жоспардың жерге қатысты үзіндісі арқылы құрылыс салғалы жатқан жерінің бас жоспардағы қай аумаққа кіретіндігін білуі қажет. Әрі қарай азаматтар ХҚО арқылы «Сәулет және қала құрылысы бөліміне» құрылыс нысанының сәулет жоспары тапсырысын жолдайды. Өз кезегінде бөлім нысанның сәулет жоспарын қарап, эскиз жобасын бекітеді. Одан кейін тұрғын үй салуға ниетті азамат құрылысты жоғарыда айтылған ережелерді сақтай отырып, бастауы керек.
Құрметті қала тұрғындары!
Үй салар алдында қандай да сауалыңыз болса, Түркістан қаласы әкімдігінің «Халықтық кеңсесіне» барып, «Сәулет және қала құрылысы бөлімінің» маманына жолығып, ақпарат алуларыңызға болатынын хабарлаймыз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.