ТҮРКІСТАНДЫҚ АЗАМАТТАР ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНАҒА БАСПАНА ТАРТУ ЕТТІ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЗАМАТТАР ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНАҒА БАСПАНА ТАРТУ ЕТТІ

2 258 просмотров

ТҮРКІСТАНДЫҚ  АЗАМАТТАР ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНАҒА БАСПАНА ТАРТУ ЕТТІ

Түркістан қаласы «Бекзат» мөлтек ауданының 1990 жылы туған азаматтары жалғызбасты көпбалалы анаға қасиетті Рамазан айында баспана тарту етті. Бұл игі бастама негізінен түркістандық жастар арасында дәстүрге айналған. Жылдағы үрдіс бойынша жігіттер «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» үйдің іргетасынан бастап құрылыс жұмыстарын өздері жасаған. Бүгін міне, тұрмыстық техникалармен толық жабдықталған «су жаңа» 4 бөлмелі үйдің кілтін 6 перзенттің анасы Нұргүл Әлібаеваға табыстады.

ТҮРКІСТАНДЫҚ  АЗАМАТТАР ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНАҒА БАСПАНА ТАРТУ ЕТТІ
ТҮРКІСТАНДЫҚ  АЗАМАТТАР ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНАҒА БАСПАНА ТАРТУ ЕТТІ

Көпбалалы ана бірнеше жылдан бері пәтер жалдап күнелтіп келген. 2017 жылы жұбайы мезгілсіз дүние салған жалғызбасты ана қазір Ерғазы, Ерасыл, Ералы, Ербұлан, Ерсұлтан және Қарақат есімді ұл-қызды тәрбиелеп отыр. Қайырымды істің шарапатын көрген Нұргүл Жұмабайқызы жақсылыққа жаны құмар жандарға алғысын жеткізді.

ТҮРКІСТАНДЫҚ  АЗАМАТТАР ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНАҒА БАСПАНА ТАРТУ ЕТТІ
ТҮРКІСТАНДЫҚ  АЗАМАТТАР ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНАҒА БАСПАНА ТАРТУ ЕТТІ
ТҮРКІСТАНДЫҚ  АЗАМАТТАР ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНАҒА БАСПАНА ТАРТУ ЕТТІ

«Құрылыс жұмыстарын түгелдей өз қолымызбен екі айда жасап шықтық. Ақылдаса келе жаңа үйді көпбалалы анаға сыйлауды жөн санадық. Баспаналы болып, төбесі көкке екі елі жетпей тұрған отбасы мүшелерінің жүзіндегі қуанышты көріп, көзімізге еріксіз жас келді. Көпшілікпен жиналған қолдағы бар қаражатқа үйді  заман талабына сай етіп тұрғыздық. Атсалысқан барлық азаматтарға, демеушілерге Алла разы болсын», — деді ұйымдастырушылардың бірі Жалғас Сабыров.

ТҮРКІСТАНДЫҚ  АЗАМАТТАР ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНАҒА БАСПАНА ТАРТУ ЕТТІ

  Айта кетейік, Бекзат Саттарханов атындағы мөлтек ауданының 1982 жылы туған азаматтары 20 жылдық түлектер кездесу кешінде мұқтаж жанұяға баспана сыйлаған болатын. Аға буын Рухани жаңғырудың «Туған жер» бағыты бойынша елге тағзым жасауда жастарға осылайша үлгі көрсетті. Сонымен қатар, өткен жылдары 1988 және 1989 жылы туған азаматтар да Әз-наурыз мерекесі қарсаңында екі отбасының баспаналы болуына себепші болған. Ал, келесі жылы 1991 жылы туған жігіттер де қайырымдылық эстафетасын келесі жылы жалғастыруға ниетті.

6 thoughts on “ТҮРКІСТАНДЫҚ АЗАМАТТАР ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНАҒА БАСПАНА ТАРТУ ЕТТІ

  1. Жарайсыңдар жігіттер! Алла еңбектеріңді еселеп берекелі етіп қайтарсын!!! Жақсылық жасап жарысыңдар!!!

  2. Жарайсыңдар жастар Сіздерге Алла раз болсын. Кейінгі жастарға үлгі болады деген сенімдеміз. Қайырымды жастар көп болсын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *