ТҮРКІСТАНДЫҚ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР «БІЗ БІРГЕМІЗ» АКЦИЯСЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР «БІЗ БІРГЕМІЗ» АКЦИЯСЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ

227 просмотров

ТҮРКІСТАНДЫҚ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР «БІЗ БІРГЕМІЗ» АКЦИЯСЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ

Ел басына туған төтенше жағдайға Түркістан облысы  іскер әйелдер қауымдастығы қол қусырып қарап қалмай, барынша үлестерін қосуда. Күннен-күнге саны көбейіп келе жатқан індеттің алдын-алу мақсатында үйден шықпай отырған азаматтарға қауымдастық төрайымы Инара Намазбаева бастаған топпен бірге белсенді мүшелері жәрдем көрсетті. Әлеуметтік жағдайы аз қамтамасыз етілген, жалғыз басты аналар мен  мүмкіндігі шектеулі азаматтардың отбасыларына бір реттік азық-түлік өнімдерін табыстады.

ТҮРКІСТАНДЫҚ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР «БІЗ БІРГЕМІЗ» АКЦИЯСЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ

Жұдырықтай жұмылған іскер ханымдар 25 жанұяның жүзіне жылулық сыйлап, кірбің басқан көңілдеріне көктем ұялатты. Күнделікті қажетті азықтармен бірге бетпердені де бөліскен нәзік жандылар тек Түркістан қаласының аймағын ғана емес, Отырар ауданы мен Құмтүйін елді-мекені тұрғындарының шарапатына бөленді.

ТҮРКІСТАНДЫҚ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР «БІЗ БІРГЕМІЗ» АКЦИЯСЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ

Қауымдастық мүшелерімен қасиетті жұмада қолға алынған игілікті іске ерікті жастар қолғабыс жасаса, акцияға «Nur Otan” партиясы Түркістан қалалық филиалы да мұрындық болды.

ТҮРКІСТАНДЫҚ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР «БІЗ БІРГЕМІЗ» АКЦИЯСЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
ТҮРКІСТАНДЫҚ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР «БІЗ БІРГЕМІЗ» АКЦИЯСЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
ТҮРКІСТАНДЫҚ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР «БІЗ БІРГЕМІЗ» АКЦИЯСЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ

Жалпы, «Оң қолын бергенді, сол қолын көрмесін» деген тәмсілді ұстанған іскер ханымдар, бүгінгі жағдайда бұл игілікті іс өзгелерге үлгі болсын дегенді де ұмыт қалдырмауда. Қандай жағдай болмасын, бір жағадан  бас, бір жеңнен қол шығарып, бірге екендігімізді дәлелдей түсеміз дейді олар.

Ақмарал ҒАНИҚЫЗЫ

ҚР Журналистер одағының мүшесі

2 thoughts on “ТҮРКІСТАНДЫҚ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР «БІЗ БІРГЕМІЗ» АКЦИЯСЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *