ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР ТОП ЖАРАДЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР ТОП ЖАРАДЫ

4 просмотров

ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР ТОП ЖАРАДЫ

Түркістан қаласы әкімдігінің спортты дамыту бөлімінің (бөлім басшысы Қуатбек Айдарбеков) мәліметіне сүйенсек, Түркістан қаласында 194 спорт нысандары оның ішінде: 2 стадион, 5 спорт кешені, 133 спорт ойын алаңдары, 7 теннис корты, 4 жүзу бассейні, 43 спорт залдары бар. Онда жерлестеріміз спорттың 12 түрімен айналысады. Атап айтсақ, волейбол, бокс, таеквондо, тоғызқұмалақ, баскетбол, қазақ күресі, самбо, үстел теннисі, футбол, жеңіл атлетика, дзюдо, еркін күрес спорт түрлері. Бөлімге қарасты 5 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері бар. Аталмыш спорт мектептерінде спорттың 12 түрінен 2196 баламен 56 жаттықтырушы жұмыс жасайды.

Сондай-ақ, 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) аясында 3 жылға 140581 мың теңге көлемінде «Тарлан батырлары» ЖШС сервистік қызмет көрсету келісім-шарты жасалып, 350 оқушы спортпен шұғылданады. Нәтижесінде, 34 жаңа жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар 2018 жылы сәуір айынан бастап «ССК Астана» ЖШС кәсіпкерлік есебінен мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі аясында 5 жылға 251072 мың теңге көлемінде келісім-шарт жасалынды. Мұнда қазірде 432 оқушыға 29 жаттықтырушы сабақ береді. Сонымен қатар 2020 жылдан бастап 2 мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) аясында «Береке», «Қайрат» спорт клубы мен спорт мектебі ашылып, 7-18 жастағы спортшылар саны 576 балаға артып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *