ТҮРКІСТАНДЫҚ ТҰРҒЫНДАР ТӨРТ КҮНДІК ЖЫЛУ АҚЫСЫН ТӨЛЕМЕЙДІ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ТҰРҒЫНДАР ТӨРТ КҮНДІК ЖЫЛУ АҚЫСЫН ТӨЛЕМЕЙДІ

12 просмотров

ТҮРКІСТАНДЫҚ ТҰРҒЫНДАР ТӨРТ КҮНДІК ЖЫЛУ АҚЫСЫН ТӨЛЕМЕЙДІ

Бұл туралы Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов тұрғындарға үндеуінде айтты.

«Қазіргі кезде ең алдымен бір-бірімізге қолдау көрсете білуіміз қажет. Жақында күн күрт суытып, көпқабатты үйлерге бірнеше күнге жылуды қайта қосқанымызды білесіздер. Тұрғындар жылуға мұқтаж болғанымен, біразына 4 күндік ақы ауыртпашылық тудыруы мүмкін.

Осы ретте, жергілікті кәсіпкерлермен ақылдаса келе, 4 күндік жылу ақысын тұрғындар төлемей, бірлесіп қолдау ретінде, өзіміз төлейміз деген шешім қабылдадық.

Бұған қоса, бүгінгі жиналыста білім басқармасына кей балалардың тапсырмаларды уақытылы орындай алмағаны үшін төмен баға қоймауларын айттым. Біздің балаларға да бұл кезең оңайға түсіп тұрған жоқ. Түсіністікпен қарап, үйреніскендерінше уақыт бергеніміз абзал», — деді шаһар басшысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *