ТҮРКІСТАНДЫҚ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІ ЕЛОРДА КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІ ЕЛОРДА КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

35 просмотров

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІ ЕЛОРДА КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
inform.kz

6 шілде — Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының күні. Әлемді жайлаған індет салдарынан биыл бұл мереке онлайн режимде атап өтілуде. Елдігіміз бен тәуелсіздігіміздің таңбасы саналатын, әлем астаналары сапында шоқтығы биік Нұр-Сұлтан қаласына биыл 22 жыл толып отыр.
Осыған орай,Түркістан облысының зиялы қауым өкілдері ізгі ниеттерін білдіріп, видео үндеу жолдады.
Қазақстанның халық ақыны Әселхан Қалыбекова: «Елбасы қазығын қаққан астанамыздың гүлденіп, көркеюін тілеймін. Астана күнімен қатар келген Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының да 80 жас мерейтойымен құттықтаймын. Бұл қала — ел үмітін арқалап, сенімін ақтаған Елбасының ерен еңбегінің жемісі»,-деп уақытша қиындықтарға бірге төтеп беруге шақырды.
ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, боксшы Мұхтархан Ділдабеков: «Нұр-Сұлтан қаласы — Елбасымыздың көрегенділігі мен еліміздің ынтымағының символы. Осы бірлігіміз бізді талай белестерге алып шығары даусыз. Елбасының мерейтойы мен Елорда күні құт-берекесін ала келсін»,- деп тілегін білдірді.
«Аз ғана уақытта бой түзеп, әлемдік өркениет көшіне ілескен бірден Нұр-Сұлтан қаласының әлеуеті біз секілді шығармашыл адамдар мен білімді жастардың талабына қанат бітіріп келеді. Біз, рухы биік халықпыз. Бүгінгідей қиын кезеңдер біздің сағымызды сындыра алмайды. Мереке құтты болсын. Ел бағына жаралған Елбасымыз аман болсын», — деген Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ профессоры, композитор Бекжігіт Сердәлі облыс жұртшылығының ақжарма тілегін жеткізді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *