ТҮРКІСТАННАН ТОПЫРАҚ БҰЙЫРҒАН МАМАЙ БАТЫР ЖАЙЛЫ

ТҮРКІСТАННАН ТОПЫРАҚ БҰЙЫРҒАН МАМАЙ БАТЫР ЖАЙЛЫ

16 просмотров

ТҮРКІСТАННАН ТОПЫРАҚ БҰЙЫРҒАН МАМАЙ БАТЫР ЖАЙЛЫ

Күллі әлемге даналық нұрын шашқан, түбі бір түркі халқына ортақ тұлға Қожа Ахмет Ясауи есімі әрбір қазақ баласы үшін киелі десек қателеспейміз.Ұлы бабаға деген ерекше құрметтен туындаған орта ғасырлық таңғажайып сәулет құрылысы және сол кесене іргесіне Алтын Орда дәуірінен бастап Қазақ хандығы тұсындағы көптеген тарихи тұлғалардың жерленуі Түркістан топырағының қасиетті мекен екендігін айқандаса керек.Түркістаннан топырақ бұйырған Мамай батыр кім еді?Батыр жайлы аңызбен астасқан әңгіме көп. Ал жазба деректер қадау — қадау ғана. Жазба деректің бастысы ретінде Шәһкерім Құдайбердіұлы жазған «Еңлік- Кебек» поэмасы мен » Түрік қырғыз қазақ һәм хандар» шежіресін атай аламыз. Одан әріде- Байкөкше ақын, Хәкім Абайдың немересі Әубәкірдің де Мамай батыр туралы жазған поэмалары болған. Өкінше қарай, соның бәрі бірдей сақталмаған. Ал Абайдың Ақылбайдан сүйген немересі Әубәкір (1881-1934) советтік құғын — сүргін салдарынан өткен ғасырдың отызыншы жылдары Шыңғыстаудан ауып бара жатып: Жеті ел кеп, бізден бұрын жеті ел кеткен ,Қалмақты Мамай батыр қуып орын еткен.Баянсыз, тиянақсыз жаратылыс,Бізге де босатуға уақыт жеткен,-деп жырлайды.Мамай батыр — «ер етігімен су кешіп, ат ауыздығымен су ішкен» қазақ тарихындағы сындарлы дәуірдің перзенті. Осындай қым- қуыт кезеңде өмір сүрген Мамай батырдың туған — қайтқан жылдары жөнінде әлі нақтыланбаған.Ұрпақтары батырды 1702 жылы туып, 1790 жылы дүние салды деп есептейді. Ал Түркістандағы Мамай батыр туралы жазылған тақтада оның туған жылы «белгісіз» делініп, қайтыс болған жылы ретінде 1810 жыл көрсетілген.Ел аузында Мамай батырдың алғаш рет жорыққа 13 жасында қатыса бастағаны айтылады. Егер осыны ескеріп, оның Көкенай батырдың (1648-1728) туын алып, Әнет бабаға(1623-1723) жеткізгені туралы деректі салыстыратын болсақ, Мамайдың дүниеге келген жылын 1710 жыл деп пайымдауға болады. Көкенайдың батырлығы жайында оның «ақтабан шұбырынды» тұсында 5 мың әскермен Ақтал, Қаратал деген жерде қалмақ әскерімен 1 ай бойы соғысып, ел Қаратаудан асқанша жауды ұстап тұрғаны айтылады.Сол соғыста Көкенайдың алты , Әнет бабаның бес баласы қаза табады. Әлбетте, жеткілікті дерек болмағандықтан, бұл корғаныс шебіне Мамайдың Көкенай Батырмен бірге қатысқанын анықтау қиын.Қалихан Алтаев » Мамай батыр» поэмасында Ақтал мен Қараталдағы қазақ жасағының әрекеті жайлы:Ақтал мен Қараталда жасақ құрып,Садақ тартты сақпаннан тас аттырып.Қазақтар қарсы тұрды, қалмақ жеңді,Қашырды қызыл қырғын қасап қылып,-деп баяндайды.Көкенай жараланды деген шайқастардың бірінде ол қолындағы туын Мамайға ұстатып, Әнет бабаға немесе Бөгенбай батырға жеткізуді аманаттапты. Ел аузындағы деректерге қарағанда осы кезде 13 жастағы Мамай шайқас кезінде алғаш рет қалмақтың бірін найзамен шаншып көзге түскен екен. Жауына қайрат көрсеткен осындай әрекетті сол уақытта «Жүрекбасар» деп атаса керек.Мамайдан Көкенай батыр беріп жіберген туды қабылдап алған Әнет баба «Жайшылықта малайым, жау келгенде Мамайым, жортқанда жолың болсын, жолдасың Қыдыр болсын!»- деп жас Мамайға бата берген екен.1726-1730 жылдар арасында Бұлантыда және Аңырақайда болған ірі шайқастарда жоңғар әскері казақтардан жеңіліп, мәмілеге жүгінуге мәжбүр болады. Мамайдың да көзге көрінетіні осы екі шайқастың тұсы болса керек. Мамай 18 жасында қалмақтың Зеңгір батырымен Аңырақай шайқасында жекпе — жекке шығып жеңген екен делінеді деректерде. Осы шайқастардың біріндегі жеңісте Мамайдың Әбілқайыр ханнан сый ретінде алмас қылыш алғаны айтылады.Авторы белгісіз дастанда осы сәт былайша суреттеледі:Қалың қол шеру тартты Арқа жаққа,Бір Алла болысар деп ісі хаққа.Басы болып әскерге өзі шықты,Хан еді Әбілқайыр мінген таққа.Бұл жолы кегі кеткен қанды құды,Қалайық көз жасымен бетті жуды.Қырына Сарыарқаның шыққан күні,Ұрандап «а, құдайлап» тікті туды.Әркім тұр бой дірілдеп, бүгежектеп.Бір бала ханға келді ат жетектеп.Алдына әдеппенен сәлем берді,»Ұрықсат енді маған дұға бер» деп.Жас Мамайдың ханнан бата алғаны айтылған осы дастанда.Мамай — Абылай хан бастатқан жорықтарға қатысқан батырлардың бірі. Абылай ханның билікке келіп, қуатты жорықтарга шыға бастағанын меңзеген Шәһкерім Құдайбердіұлы былай деп жырлайды:Содан кейін қалмақты қазақ қуған,Жиылып шаба берді ойдан, қырдан.Тарбағатай, шығыстың жан жағында ,Көшпелі көп қалмақ бар бұрын тұрған.Қырылған соң қалмақтар жаман сасқан,Ңұржайсын, Шәуешектен өте қашқан.Ата қоныс Арқаны босатып ап,Қазақ келіп қалмақтың орнын басқан.Қалмақты шабысуға Мамай келген,Босап қалған Шыңғысты көзі көрген,Барған соң жетімомын жақсысына ,»Хан Шығыс босады» деп хабар берген.Бұдан қазақ жерін жоңғарлардан азат етудегі негізгі жорықтарға Мамай батырдың ұдайы қатысқаны байқалады. Жоғарыдағы деректерге қарағанда, ғұмыры ат жалында өткен Мамай батырдың қартайғанда да тұғырдан таймағандығы байқалады. Ел аузындағы деректер Мамайдың да мыңбасы, сардар болғанын айтады. Бұл турасында Мұсайын Сегізсеріұлы дастанында:Қанжығалы Бөгенге шәкірт болып,Мамай ер шыққан екен батыр болып.Он жеті он сегізде көзге түскен,Өзіне әруақ, бақыт қанат қонып.Кезінде кәпірлерді қырған талай,Өтіпті Тобықтыда сардар Мамай.Соғысып дұшпандардан кек қайтарған,Болғанмен ұзақ шайқас, қиын жағдай,- деп жырлаған.Батыр ұрпағы Ақынжан Тұрарұлы айтуынша , Мамай 97 жасында қайтыс болады.Шамасы, күздің аяғында қайтса керек. Ол дүние салғаннан кейін батырдың ішкі құрылысы қасап жолымен бөлек алынып, былғарыға тігіліп Орда тауының етегіне жерленеді. Сүйегі болса, жазғытұрымға дейін киіз үйде арнайы сақталады. Әртүрлі шөптерден жасалған дәрі — дәрмекпен сыланып сөреге қойылған батыр денесін жақындары кезекпен күзетіп отырған екен. Қар еріп жол ашылған соң батырдың балалары бастаған топ сүйекті киіз үй шаңырағын аударып, оңтайландырып жасалған зембілге салып, ат үстінен көтеріп, Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жерлеп, ас беріп қайтады. Жеке ерлігімен көзге түскен, жекпе — жекте жауын ойсырата жеңген Мамай батыр туралы дерек осы. Ардақ Бейсенова«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің экскурсоводы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *