ТҮРКІСТАННЫҢ ДАМУЫ ЖІТІ НАЗАРДА

ТҮРКІСТАННЫҢ ДАМУЫ ЖІТІ НАЗАРДА

22 просмотров

ТҮРКІСТАННЫҢ ДАМУЫ ЖІТІ НАЗАРДА


Түркістан қаласын дамыту жұмыстары уақыт өткен сайын қарқын алуда. Күн сайын бір өзгеріс. Тіпті жер жүзін алаңдатқан қауіпті індет кезінде де қасиетті шаһарда құрылыс қарқыны бәсеңсімеді. Иә, солай болуы тиіс. Өйткені дүйім жұрт көз тіккен Түркістанды түлету ісі ел абыройы, билік басындағы азаматтардың міндеті.
Осы тұрғыда қала тізгінін ұстаған шаһар басшысы Рашид Аюпов жыл көлемінде едәуір өзгерістер енгізе белді.
Әкім қызметіне кіріскен күннен бастап, қала халқымен жүздесуге мән берді. Аға буын және орта жастағы азаматтармен пікірлесіп тұрғындар көкейіндегі мәселелермен танысты. Осы арада жалындаған жастармен де кездесулердің қатар жүргенін айта кету қажет. Нәтижесінде қаладағы бірқатар қордаланған мәселелер жинақталып, осы күні сол түйіткілдердің шешу жолдары қарастырылып, оның кейбірі іске асып жатқанының куәсі болудамыз. Бұл тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін зерделеудегі қадам дейтін болсақ, одан бөлек мемлекет деңгейінде іске асырылуы тиіс ауқымды жобаның да қолға алынғаны белгілі.
Атап айтсақ, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың пәрменімен құрылған Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласын дамытудың төрт идеологиялық бағыты аясында жұмыстар жүргізілуде. Олар: Түркістанды түркі әлемінің ең ірі зиярат және туризм орталығына айналдыру, Түркістанды әлемдік деңгейдегі қолөнер және шеберлер орталығына айналдыру, Түркістан – Ұлы Жібек жолының бойындағы ірі сауда орталығы және Қожа Ахмет Ясауи – рухани тұлға.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *