«Тұрғындарға сақтандыру мәртебесі берілуде»

«Тұрғындарға сақтандыру мәртебесі берілуде»

19 просмотров

«Тұрғындарға сақтандыру мәртебесі берілуде»

Қазіргі таңда МӘМС жүйесінен тұрғындардың шығып қалу жайттары жиі қайталануда. Осыны ойға алған Үкімет төтенше жағдайға байланысты медициналық сақтандыру жарналары бойынша берешектері қалыптасқан халықтың кейбір санаттарына МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесін беру бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының бастамаларына қолдау көрсетті. Енді аталмыш жүйедегі олқылықтар жойылып, тұрғындарға сақтандыру мәртебесі қайта берілуде. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаевтан сұрап білдік.МӘМС жүйесінен тұрғындардың шығып қалу себептері жиі қайталануына не себеп?

Біз әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына келіп түскен өтініштерге талдау жасадық және азаматтардың сақтандырылған мәртебесінің болмауының негізгі себептерін анықтадық. Тұрғындардың бір бөлігі қатаң карантин мен төтенше жағдай кезінде МӘМС жүйесіне жарна төлеу мүмкіндігінен айрылды, оларға медициналық көмекке қол жеткізу үшін қолдау қажет болды. Қор Денсаулық сақтау министрлігі мен ҚР Үкіметі қолдаған осындай ұсыныстарды әзірледі.
Талдау көрсеткендей, «сақтандырылған» мәртебесінің болмауының негізгі себебі 42500 теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік төлем алу үшін жеңілдік санаттағы өкілдеріне бірыңғай жиынтық төлемін төлеу талабы қойылған. Осыған байланысты ақпараттық жүйелер оларды автоматты түрде БЖТ төлеушілер санатына ауыстырды. Тиісінше, олар Saqtandyry базасында жеңілдетілген санаттардан «шығарылды». Сондай-ақ, төтенше жағдай кезінде төлемдерінде үзілістер туындаған жалдамалы қызметкерлер, жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын тұлғалар МӘМС жүйесінен тыс қалды.
Осыған байланысты, Үкімет келесі шараларды іске қосты:

жалдамалы қызметкерлер соңғы 3 айда кемінде 1 төлем болған кезде және егер төлемдер бойынша берешек жыл басынан бері 2 айдан аспаса, МӘМС жүйесінде қалпына келтіріледі;

жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ соңғы 3 айда төлем болған жағдайда, жыл басынан бастап 2 айдан аспайтын берешегі барлар (мемлекеттік кірістер комитетінің ресми ақпаратына сәйкес, олар қызметін тоқтатқан жағдайда) сақтандырылған адамдардың мәртебесін алады;

Төтенше жағдай кезеңінде жеңілдік санатымен бірыңғай жиынтық төлемін төлегендердің төлемі есепке алынбайды және сақтандыру мәртебесі автоматты түрде қайтарылады;

COVID-19-ға қарсы күрес шеңберіндегі шектеу іс-шараларына байланысты қызметкерлердің мәжбүрлі демалыстарда күтімсіз болған кезеңдері берешек ретінде есепке алынбайды. Бұл ретте табысты жоғалтудың дәлелі табыстың жоғалуына байланысты біржолғы әлеуметтік төлем алу болып есептеледі (42500 теңге).
Айтулы шаралардың нәтижесінде еліміз бойынша медициналық сақтандыру жүйесіне 740 мыңға жуық адамды қайтарды. Бұл санаттарды қосу жұмыстары әлі де жүргізілуде және үкімет шараларының арқасында сақтандырылғандар саны әлі де арта түседі. Осылайша, коронавирустық пандемияға байланысты табысынан айырылған немесе бенефициарлардың арасынан шыққан азаматтар медициналық сақтандыру жүйесіне қайтарылады және медициналық көмектің барлық көлемін ала алады.
Мәртебені алу үшін азаматтарға қандай-да бір жерге барудың қажеті жоқ. Барлық деректер ақпараттық жүйелерде автоматты түрде жаңартылады.

-МӘМС үшін төлемдерді 1 қазанға дейін кім төлемейді?

-Шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейтін 800 мыңнан астам адам МӘМС бойынша жарналар мен аударымдарды 2020 жылдың 1 қазанына дейін төлеуден босатылды. Олардың жүйеде сақтандырылуы үшін, жұмыс берушілер ай сайын қызметкерлердің тізімін ұсынып, әр айдың 25-сі күні ақпаратты мына сілтеме бойынша https://msb.fms.kz/login жаңартып отырулары керек.
Қызметкерлердің МӘМС жүйесінде сақтандырылып, оның аясында уақытылы медициналық көмек алуы, тікелей жұмыс берушінің жауапкершілігіне байланысты екенін есте сақтаған жөн.
Сондай-ақ, Қор уәкілетті министрліктермен бірлесіп, 2020 жылдың 1 қазанына дейін МӘМС жарналары мен аударымдарынан босатылған ШОБ-тың сақтандырылған қызметкерлеріне мәртебе беру бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл 800 мыңнан астам жұмыскерге әсер етеді.

-Жеңілдігі бар азаматтар санатында бола тұра, мәртебесі «сақтандырылмаған» болса, не істеуі керек?

-Онда ол уақытша сақтандыру мәртебесін өзінің немесе медициналық ұйымға хабарласу арқылы ала алады. Мәселен, пациент медициналық ұйымға жүгінген жағдайда:
1-қадам. Пациенттің медициналық ұйымға хабарласып, мәртебесінің «сақтандырылмағанын» анықтау;⠀
2-қадам. Медициналық ұйымның қызметкері пациенттің растайтын құжатын сканерлеп, (суретке түсіреді) оны Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы МӘМС жібереді (қосымшаны App Store және Play Market дүкендерінен жүктеуге болады);
3-қадам. МӘМС 1(бір) айға жарамды сақтандырылған мәртебесін береді.
*пациентке сақтандыру мәртебесі берілгені жайлы хабарлама жіберіледі;
Медициналық ұйымға жүгінбеген жағдайда (өздігінен):
1-қадам. Пациент Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы МӘМС жүйесінде мәртебесін тексеріп, «сақтандырылмағанын» анықтайды;
2-қадам. Пациент растайтын құжатын сканерлеп, (суретке түсіреді) оны Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы МӘМС жібереді (қосымшаны App Store және Play Market дүкендерінен жүктеуге болады);
3-қадам. МӘМС 1(бір) айға жарамды сақтандырылған мәртебесін береді.
*пациентке сақтандыру мәртебесі берілгені жайлы хабарлама жіберіледі;

-Qoldau 24/7 арқылы уақытша сақтандыру мәртебесін қалай алуға болады?

-Халықтың әлеуметтік осал топтары мемлекет есебінен, МӘМС аясында медициналық көмек ала алады. Сіз үйден шықпай-ақ, Qoldau 24/7 қосымшасын қолдана отырып, уақытша сақтандыру мәртебесін ала аласыз (кейбір санаттағы азаматтардың мәртебесі сақтандырылмаған жағдайда).
Бұл қосымша Android және iOS платформаларында қол жетімді және қолданыста өте қарапайым. Qoldau 24/7 қосымшасы көмегімен уақытша сақтандыру мәртебесін алудың толық нұсқаулығын ұсынамыз.
Уақытша мәртебе тағайындалғаннан кейін, бір ай ішінде жандандыру өте маңызды.
Ол үшін:

  1. Жұмыс істемейтін жүкті әйелдер тіркелген жеріндегі медициналық ұйымға жүкті әйел ретінде есепке тұру керек.
  2. Қазақстан Республикасының аумағында күндізгі бөлімде оқитын студенттерге жеңілдігі бар азаматтар санатына кіру үшін, Жоғарғы оқу орнына хабарласып, Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық жүйесіне тіркелу керек.
  3. Шетелдік Жоғары оқу орындарының студенттері тұрақты сақтандыру мәртебесін алу үшін, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (байланыс телефондары:+7(7172) 74 15 33, 74 21 75, 74 24 27) Білім беруді сандық түрлендіру департаментіне хабарласуы керек.

-Созылмалы және әлеуметтік маңызы бар аурумен емханада тіркеуде тұрған, алайда мәртебесі «сақтандырылмаған» медициналық көмекті қалай алады?

-Созылмалы және әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу үшін медициналық көмек ТМККК аясында ТЕГІН көрсетіледі.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексіне сәйкес динамикалық байқылауға жататын әлеуметтік мәні бар және созылмалы ауруларға мамандандырылған медициналық көмек ТМККК және МӘМС пакеті (созылмалы аурулары бар науқастарға бейінді мамандардың динамикалық бақылауы) аясында көрсетіледі (туберкулезбен ауыратын науқастарды медициналық оңалту кезінде, амбулаториялық және стационарды алмастыратын жағдайларда).
Аурулардың тізімі инфографикадан көре аласыздар. Толық тізімді мына сілтемеден табуға болады: http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1700015417
Ал, енді МӘМС пакетінде көмек алуы үшін сақтандыру мәртебесін алуы керек.
Егер аталған аурулардың бірімен ауыратын науқасқа тиісті медициналық көмек көрсетілмеген болса, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы хабарласыңыз.Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар МӘМС жүйесіне қалай қатысуына болады?

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар — жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, бірақ жылына 1 175 АЕК (3,2 млн. теңгеге дейін) табысы бар барлық тұлғалар. Мұндай азаматтар үшін арнайы жеңілдетілген салық режимі ұсынылған — бірыңғай жиынтық төлем. Ол бірден үш қорды қамтиды — зейнетақы жинақтары, әлеуметтік сақтандыру және медициналық сақтандыру. Сонымен қатар оларды салық декларациясын ұсынбастан салық төлеуші етеді.
Республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың тұрғындары үшін — 1 АЕК немесе 2 651 теңге. Басқа елді мекендерде тұратындар үшін — 0,5 АЕК немесе 1326 теңге. Салық кодексінің 775-бабына сәйкес, төлемнің бұл түрін есептеу және төлеу тәртібі тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы АЕК мөлшеріне байланысты белгіленеді. Маңызды: Төлем ағымдағы есепті ай үшін жасалуы керек. Алдыңғы салық кезеңі үшін төлем жасай алмайсыз. Егер қандай-да бір себептермен төлем уақтылы төленбеген болса, сіз қарызды тәуелсіз төлеуші ретінде 1 ең төменгі жалақының 5% немесе 2 125 теңге төлей аласыз.
Қызмет көрсетуден бас тартқан жағдайда, дереу медициналық ұйымдағы науқастарды қолдау қызметіне немесе 1406 номері бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына хабарласуды сұраймыз. Сондай-ақ, телеграм арнасы https://t.me/ сілтемесі арқылы SaqtandyryBot, Qoldau-24/7 мобильді қосымшасы(Google Play немесе App Store жүктеу арқылы), 87001031406 номері бойынша WhatsАрp-қа хабар берулеріңізді сұраймыз.

МӘМС бойынша төлем жасау барасында қате мәліметтер көрсетілсе немесе төлем сомасы жеткіліксіз не көп болса, не істеу керек?

Ақшаны қайтару үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына кескіндегі нұсқауларды орындай отырып жүгінуіңізді сұраймыз. Кеңес алу үшін 87172 (55-21-00) хабарласуыңызға болады. Ішкі нөмірі 10370.

-Сақтандыру мәртебесін қайда және қалай тексеруге болады?

-МӘМС жүйесіне қатысу мәртебесін немесе сақтандыру мәртебесін бірнеше жолмен тексеруге болады: бұл ретте ең аз ақпаратты-тегін, атын және әкесінің атын, сондай-ақ ЖСН көрсете отырып Қор сайтында (fms.kz), ҚР ДСМ сайтында, https://t.me/SaqtandyryBot телеграм-боттың көмегімен, egov.kz. порталда.
Қор күн сайын әлеуметтік желілерде кері байланысты белсенді жүргізіп қана қоймай, келіп түскен сұрақтарға көпшілік алдында ашық жауап береді. Егер сұрақтарыңыз болса, комментарии мен жеке хабарламаларды ресми аккаунттарымызға, сондай-ақ Қор филиалдары директорларының жеке парақшаларына жаза аласыздар және осы аккаунттарды пост немесе комментарииде белгілеуді сұраймыз.
Біздің Instagram: https://www.instagram.com/fms.kz/
Біздің Facebook: https://www.facebook.com/fondosms
Филиал директорларының тізімін Facebook-тегі ресми парағымыздан таба аласыздар.
Telegram-дағы ресми бот: t.me/SaqtandyryBot

-Сұқбатыңызға рақмет!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *