Тәртіп бұзушылықтың алдын-алу керек

Тәртіп бұзушылықтың алдын-алу керек

56 просмотров

Тәртіп бұзушылықтың алдын-алу керек

Қарт қаламыздың жыл санап емес, ай санап ұлғайып, күн санап кеңейіп келе жатқаны жасырын емес. Қала аумағы артқан соң, халық саны да көбеюі заңдылық. Ал, халық санының көбеюі тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтың жиілеуіне әкеп соқтыруы ғажап емес. Сондықтан да, қаламыздың тәртіп сақшылары жиі рэйдтер мен жедел-профилактикалық шаралар жасап тұрады. Жұмыстар полиция қызмеикерлері, прокуратура және білім беру орындары қызметкерлерінің бірігуімен де жасалып отырады. Бұл бірігу айтарлықтай көмек болып, қаладағы тәртіп бұзушылық саны біршама кеміген. Нәтижесі көңіл қуантарлық. Мәселен, осы жылдың тамыз айында 410 қылмыс тіркелген, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 40,6 %-ға төмен. Сонымен қатар, аталған уағыт ішінде 42 255 әкімшілік құқыт бұзушылық тіркелген. Оның 6563-ін учаскелік инспектор, 381-ін ивеналды полициция анықтаған. Тамыз айында мектеп қызметкелерімен бірлесіп 3 түнгі рэйд жұмыстары жүргізіліп, үйден тыс жерде жүрген 352 жасөспірім мен көңіл көтеру орындарынан 19 кәмелетке толмағандар тіркеуге алынған. Олардың ата-анасына ескерту жасалып, тиісті айыппұлдар салынған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *