ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА АЛМА ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА АЛМА ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

12 просмотров

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА АЛМА ШАРУАШЫЛЫҒЫ  ДАМЫП КЕЛЕДІТөлеби ауданы таулы аймақта орналасқандықтан өңір алма бауын өсіру үшін өте қолайлы. Қасқасу елдімекенінің тұрғыны, жеке кәсіпкер Ержан Жамбаев 19 гектар жерге 4500 түп Алматы апорты алмасын өсіруді қолға алған.

Бұрын Алматы қаласы әлемге апорт алмасымен танымал болған. Исі жұпар аңқыған, дәмі тіл үйірер жеміске деген сұраныс артпаса, еш кеміген емес. Кәсіпкер алма бауын өсіру үшін мемлекеттен берілетін көмекке жүгініп, субсидия алған. Бүгінде жергілікті 4 тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып, еңбекақыларын төлеп отыр.

“Қарқынды алма бағын өсіру үшін алғашқы жылы 7 гектарға 4.2 млн. теңге, келесі жылы 11 га жерге 7 млн. теңге субсидия алдым. Алматы апорты Қазақстан бренді болғандықтан алманың осы сортын таңдаған едім. Апорт өте дәмді алма және сұранысқа ие. Алманы күтіп-баптау жұмысы да оңай емес. Жемісті уақытылы дәрілемесең, көшеттер өспей қалуы мүмкін. Апорт алмасы тек 7 жылдан кейін өнім береді, 12-13 жылдан кейін бір түптен 700-800 килограммға дейін өнім алуға болады”, — деді Е. Жамбаев.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *