ТӨЛЕБИДЕ 9 ЕЛДІ МЕКЕН ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

ТӨЛЕБИДЕ 9 ЕЛДІ МЕКЕН ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

19 просмотров

ТӨЛЕБИДЕ 9 ЕЛДІ МЕКЕН ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Бүгін Төлеби ауданында 9 елді мекенге табиға газ беру жұмыстары басталды. Тасарық елді мекенінде өткен салтанатты түрде көгілдір отынды беру рәсіміне Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев, аудан әкімі Бауыржан Омарбеков қатысып, тұрғындардың қуанышына ортақтасты. Салтанатты жиында аудан басшысы жиналған жұртшылық алдында құттықтау сөз сөйлеп, өзге елді мекендергеде газ жеткізу мәселелері қаралып жатқанын атап өтті.

ТӨЛЕБИДЕ 9 ЕЛДІ МЕКЕН ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Айтып өтсек, 2017-2019 жылдар аралығында республикалық бюджет есебінен 1,988 млрд теңгеге Тасарық ауылдық округіндегі Тасарық, Жамбыл, Ханарық, Оңтүстік, Қаратөбе ауылдық округіндегі Майбұлақ, Қостөбе, Қаратөбе, Балдыберек, Төңкеріс елді мекендеріне ауылішілік газ құбырының құрылысы жүргізілген болатын. Қазіргі таңда 9 нысанды сығымдау актілерімен орындаушы техникалық құжаттары рәсімделген. Бүгінде 9 елді мекен бойынша 1542 абоненттің 793 абонентіне техникалық шарттар алынып, ішкі газ құбырлары жүргізіліп, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-на тіркеліп отыр. Бүгін пайдалануға берілген газ жүйесін қосқанда, аудан көлеміндегі 55 елді мекеннің 48 елді мекені табиғи газ жүйесімен қамтылмақ.

ТӨЛЕБИДЕ 9 ЕЛДІ МЕКЕН ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Ауданда қалған Қоғалы ауылдық округінің Диханкөл, Ұзынарық, Алшалы және Қасқасу ауылдық округінің Қасқасу, Жоғарғы Қасқасу, Кеңесарық, Керегетас елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету үшін жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Сметалық құны 1,269 млрд теңгені құрайды. Жобаны қаржыландыру үшін 2020 жылға арналған республикалық және облыстық бюджетке ұсынылып, қаржыландыру күтілуде. Жоба қанағаттандырылған жағдайда Төлеби ауданының 55 елді мекенінің 118 600 тұрғыны 100% табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *