
Түркістан облысы Сайрам ауданының Көлкент ауылындағы 65 Ә. Мұзрапов жалпы орта мектебінде «Қорғау-2021» республикалық штабтық оқу жаттығулары өтті. Мақсаты — төтенше жағдайлар кезінде тұрғындардың, арнайы мекемедегі оқушылардың, қызметкерлердің қауіпсіздігін сақтау. Ауылдық округі әкім аппаратының мамандарынан құралған топ тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырды.
Олар арнайы техникалармен қамтылып, азаматтық қорғаудың авариялық құтқару қызметтері мен құрылымдары нақтыланды. Оқу жаттығу кезінде зардап шеккен халықты көшіру, оларға алғашқы медициналық жәрдем көрсету шаралары пысықталды. 65 Ә. Мұзрапов мектебіндегі эвакуация пунктінің дайындығы тексерілді.