Тарихи жәдігер Тайқазанның тамаша көшірмесі сыйға тартылды

Тарихи жәдігер Тайқазанның тамаша көшірмесі сыйға тартылды

49 просмотров

Тарихи жәдігер Тайқазанның тамаша көшірмесі сыйға тартылды

Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қор-музейінің ұйымдастырумен Яссауи кесенесінде «Береке, бірліктің символы – Тайқазан» көрме түндігін түрді.

Биыл 620 жылдық тарихи тойын тойлап отырған алып тайқазанның көшірмесі жасалды. Айнытпай орындалған көшірме Шымкент қаласындағы Дарынды балаларға арналған №90 мектеп-гимназиясында жасалған. Мектеп-гимназия директоры Арман Орынбековтың ұсынысымен орындалған тайқазанның көшірмесін көркемеңбек пәнінің мұғалімдері Болат Серікбеков пен Тансихов Пердеханның туындысы. Ғажап туындының жасалып шығуына мектеп оқушылары да ат салысқан.

18 айға жуық уақытта жұмысы аяқталған тайқазанға Канада, АҚШ, Оңтүсьік Корея, Ресей, Қырғызстан мен Өзбекстаннан әкелінген, сонымен қатар, өз елңмізде өсірілген ағаштар пайдаланылған.

Қарт қаламыз облыс орталығы болғалы бері еліміздің әр өңірінен берілген сыйлықтар өте көп. Солардың ішінде тарихы тереңге тамыр жайған Тайқазанның көшірмесінің алар орыны ерекше. Аталмыш, өнер туындысы 18 қыркүйекте өткен ұлттық көрмеде ойып тұрып орын алған. Мектеп басшылығы керемет көшірмені 2200 жылдық мерейтойын тойлауға әзір отырған Шымкент қаласына да арнап отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *