«Текті сөздің төресі – терме»

«Текті сөздің төресі – терме»

12 просмотров

«Текті сөздің төресі – терме»

2020 жылдың 28 ақпанда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық орталық кітапханада ұлы ойшыл А.Құнанбаевтың 175 жылдығына орай қазақстандықтардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру жыр, терме жанрын жастардың арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Текті сөздің төресі – терме» атты аудандық байқауы өткізілді. Байқауға қатысушылар 1.«Сәлем – сөздің анасы», 2.Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай және басқа тақырыптық бағыттардағы шығармаларды орындау және 3.Үй тапсырмасы (өз шығармаларын орындау) бойынша сынға түсті.
Байқау қорытындысы бойынша І орынды Шақпақ баба ауылының тұрғыны Жұмаділ Серік, ІІ орынды Түлкібас кентінің тұрғыны Оңқалбаев Қосдәулет, ІІІ орынды Ақбиік ауылының тұрғыны Рысқұл Нұрмахан иеленді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *