Туристер санын 5 млн-ға жеткіземіз

Туристер санын 5 млн-ға жеткіземіз

25 просмотров

Туристер санын 5 млн-ға жеткіземіз

Түркістан бүгінгі күні әлем назарында. Тарих пен жаңашылдықтың астасып жатқан жеріне киелі орындарды көру үшін жаһандағы туристік орталықтар да үлкен қызығушылық білдіріп отыр. Әсіресе, түбі бір түркі тілдес бауырларымыз бен мұсылман жұртшылық үшін екінші Меккедегі жаңғыру, жаңару аса құмарларын аудырып отырғандай. Жаһанды жайлаған індет Түркістандағы туризмнің бәсеңдеуіне себеп болғаны сөзсіз. Дегенмен, өңірдегі құрылыс жұмыстары бір сәтке де тежелген емес. Өткен жылы 1137917 туристі құшақ жая қарсы алған қаламыз, 2025 жылға дейін бұл көрсеткішті 5 милионға жеткізуді басты мақсат еткен.

Жоғарыда айтылған мақсатымызға жету үшін атқарылып жатырған істерде баршылық. Апта сайын ашылып жатырған жаңа нысандар, орта ғасырлар мен жаңашылдықты астастырған таңқалдырар орталықтар, әсем демалыс орындары, барлығы алыстағы әлемді аралаушыларды менмұндалап шақырып тұрғаны анық. Сонымен қатар, туристерге кешенді қызмет көрсету үшін «Визит Центр» орталығы да ашылды. Орталлықта этнографиялық зал, мультимедия және кәдесыйлар дүкені мен кітапхана, «Қазақ хандығы» залы орналасатын болады. Қала қонақтары ыңғайлы тасымалдау үшін 10 электр көлігі де өз жұмысын бастады. Сондай-ақ, келушілер үшін 3 тілде қызмет көрсететін аудиогид те қызмет көрсетеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *