ТУРИЗМ - ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУДЫҢ ӨРІСТІ ЖОЛЫ

ТУРИЗМ — ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУДЫҢ ӨРІСТІ ЖОЛЫ

65 просмотров

ТУРИЗМ - ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУДЫҢ ӨРІСТІ ЖОЛЫ

Туризм – халықтың денсаулығын жақсарту, күш-қуатын қалпына келтірудің ең тиімді жолы. Туризм адамдардың қарым-қатынасын, танымдық қабілетін арттырып, мәдениет пен өнердің дамуына, ел экономикасының өркендеуіне өзіндік үлесін қосып, ел мәртебесін әлемге танытуға мүмкіндік туғызады. Туризм адамның бос уақытындағы саяхаты, белсенді демалыстың бір түрі. Бүгінде Төлеби ауданына 36760 турист келіп, демалып қайтты.

ТУРИЗМ - ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУДЫҢ ӨРІСТІ ЖОЛЫ

Өткен жылы аудандағы 70 демалыс орындарының қатарына Қасқасу ауылдық округіндегі «SAIRAM SU resort» демалыс аймағында құны 150 млн теңгеге қосымша 100 орындық демалыс орны қосылды. Алатау ауылдық округінде құны 150 млн теңгеге «Таңсұлу» демалыс аймағының құрылысы жүргізілген. Кешеннің сыйымдылығы 50 орынды құрайды. Инфрақұрылымды дамыту мақсатында аудандық бюджеттен 6,7 млн теңге қаржы қарастырылып, туристік нысандарға баратын жол торабына жол сілтегіштер және қоқыс жәшігі қойылған.

ТУРИЗМ - ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУДЫҢ ӨРІСТІ ЖОЛЫ

Биыл облыс әкімінің бастамасымен туризм саласын дамыту мақсатында «Қасқасу туристік-рекреациялық кешенінің» жобасын жүзеге асыру жоспарлануда. Жоба толық іске қосылған кезде бір мезгілде мыңдаған адамның демалуына мүмкіндік болады. Оған қоса, 2019 жылы басталған Қоғалы ауылдық округінде жеке кәсіпкер есебінен инвестициялық құны 200 млн теңгені құрайтын, саумалмен сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстары жалғасуда. Кешеннің сиымдылығы 100 орынды құрайтын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *