«УЫЛДЫРЫҚ» ІС-ШАРАСЫ АЯСЫНДА 6 ТҰРҒЫН ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

«УЫЛДЫРЫҚ» ІС-ШАРАСЫ АЯСЫНДА 6 ТҰРҒЫН ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

156 просмотров

«УЫЛДЫРЫҚ» ІС-ШАРАСЫ АЯСЫНДА 6 ТҰРҒЫН ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

2022 жылы сәуір айының 1-і мен 31-мамыр күндері аралығында республика көлемінде «Уылдырық» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Шараның мақсаты – балық және балық өнімдерін аулау, сату, тасымалдау, сатып алу секілді құқық бұзушылықтарды анықтау.

Осы бағытта жүргізілген іс-шара барысында Созақ АПБ-нің полицейлері кезекті браконьерлік жайттарын анықтады.  Нақтырақ айтсақ, Созақ АПБ-ның полицейлері, Түркістан және Жамбыл облыстарының Орман шаруашылығы мен табиғи ресурстар және пайдалануды реттеу басқармасы, «Охотзоопром» инспекторларымен бірлесіп рейд жүргізді. Олар Шу өзендерін, Ақжайқын, Ақкөл, Ақжар, Қызылкөл мен су қоймаларын аралап, тексеру өткізді. Тиісті мамандардың жүйелі жұмысы нәтижесінде заңсыз балық аулаған 6 азамат ұсталды. Олардан жалпы 44 келі сазан балықтары, 2 дана үрмелі қайық, 4 дана ескек, 2 дана желбергіш құрал айғақты зат ретінде тәркіленіп алынды.

Тәртіп сақшылары аталған жайтқа қатысы бар  2 тұрғынға ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы 1-бөлігі «Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу» бойынша, ал қалған 4 тұрғынға осы баптың 3-бөлігіне сәйкес хаттама толтырып, айыппұл салынды.    Полицейлер тарапынан бұл бағыттағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, болдырмау мақсатындағы шаралар әлі де жалғасын табуда.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарды табиғатты қорғауға шақыра отырып, балық аулауға тыйым салынған уақыт аралығында балық аулаудан бас тартуға кеңес береді.

 

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.