Яссауи кесенесінің суретін әлемдік басылымдар жарыса жариялады

Яссауи кесенесінің суретін әлемдік басылымдар жарыса жариялады

24 просмотров

Яссауи кесенесінің суретін әлемдік басылымдар жарыса жариялады

Миллиондаған оқырманға өз туындыларын ұсынып жүрген белгілі фотограф Джордж Штейнмец Қазақстанға жасаған сапары туралы әлемдік  басылымдар жарыса жариялауда.

Фотосуретші Қазақстанның оңтүстігі туралы шығармаларын миллионнан астам жазылушысы бар Instagram парақшасында және жеке веб-сайтында жария етті. Сонымен қатар суреттер National Geographic және The New Yorker сияқты беделді бұқаралық ақпарат құралдарының беттерінен орын алған.

Фотографтың объективіне ілінген көне кесене жұртшылықтың қызығушылығын оятты. Жоғарыда айтылған жазбада бәр ғана тәулік ішінде 300 мыңнан астам адам лүпіл басса,  көп ұзамай сәтті шыққан кадрларына тамсанып келуге қызығушылық танытқан пікірлер саны мыңнан асып түскен.

Айта кетейік, құрметті қонақ өңірдің туристік орындарына фототүсірілім жасау үшін шақыртылған болатын. Нұр-Сұлтан қаласынан саяхатын бастаған фотограф қасиетті Түркістанмен қоса Жамбыл және Маңғыстау өңірлерінен де тамаша суреттер түсіріп, әлем назарына ұсынған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *