Жасөспірімдер арасындағы жарыстан шардаралық спортшылар жеңіспен оралды

Жасөспірімдер арасындағы жарыстан шардаралық спортшылар жеңіспен оралды

5 просмотров

Жасөспірімдер арасындағы жарыстан шардаралық спортшылар жеңіспен оралды

Петропавл қаласында гір көтеру спортынан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Еліміздің әр аймағынынан жиналған жас спортшылар арасында өткен тартысты жарыста түркістандықтар 3 алтын, 1 күміс пен 2 қола алқаны қанжығаға байлады.

Атап айтсақ, жасөспірім қыздар арасында 53 келі салмақ дәрежесінде Әсем Серікбай, ұлдар арасында 85 келі салмақ дәрежесінде Бақдәулет Шынтанов өз салмақтарында үздік нәтиже көрсетіп, алтыннан алқа тақты. 63 келіде күш сынасқан Нұрболат Ергеш күміс алқаны еншіледі. Ал, 48 келі салмақ дәрежесінде Еркебұлан Келдібаев қола алқаны қанағат тұтты.Сонымен қатар, жастар арасында 85 келі салмақ дәрежесінде Нұрбатыр Тұрғанбай қарсыластарынан басым түсіп, бас жүлдені иеленді. 78 келіде Медет Әуесбек қола алқаны құрама қоржынына салды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *