ЖАСӨСПІРІМДЕР ТӘРБИЕСІНДЕГІ ТАЛАП ҚАНДАЙ

ЖАСӨСПІРІМДЕР ТӘРБИЕСІНДЕГІ ТАЛАП ҚАНДАЙ

8 просмотров

ЖАСӨСПІРІМДЕР ТӘРБИЕСІНДЕГІ ТАЛАП ҚАНДАЙ

2020 жылдың маусым айына дейінгі дерек бойынша 28 оқушы қалалық полиция басқармасының жасы кәмелетке толмағандармен жұмыс жөніндегі бөлімде түрлі құқық бұзушылықтар бойынша профилактикалық есепке алынған. Түркістан қаласы әкімдігінің адами капиталды дамыту бөліміне қарасты мектептерден құқықбұзушылыққа бейім және тәрбиесі нашар 137 оқушы мектепішілік есепке алынған. Есепте тұрған оқушыларға тәлімгер бекітіліп, оларға қатаң бақылау жасалады. Мектептерде жасалған арнайы іс шара жоспары негізінде оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында мектепішілік үйірмелерге және мектепте өткізілетін түрлі іс-шараларға тартылып келеді.

Жыл сайын жаз маусымы басталып, оқушылар демалысқа шыққанда жасөспірімдердің тәртібін қадағалайтын құқық қорғау органдарының жұ­мысы екі есе көбейеді. Қазақстанда заң бойынша кәмелетке толмаған жас­өспірімдерге түнгі сағат 22.00-ден кейін компьютерлік клубтарда отыруға және түнгі сағат 23.00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынған. Оқушылар демалысқа шығып, мектеп сабағы мен үй тапсырмасынан қолдары босағанда, жоғарыда айтылған ережелерді барлығы бірдей сақтай бермейді. Әсіресе, жасөспірімдердің қолымен жасалған қылмыстар мен құ­қықбұзушылықтар жаз мезгілінде көп тіркеледі. Тәртіп сақшылары қанша жерден жұмыс істеп жатырмыз десе де, жасөспірімдер арасындағы қылмысты азайту күн тәртібінде тұр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *