ЖАСТАРДЫҢ ЖАЛЫН-ЖІГЕРІ ЕЛМЕН ЕГІЗ

ЖАСТАРДЫҢ ЖАЛЫН-ЖІГЕРІ ЕЛМЕН ЕГІЗ

10 просмотров

ЖАСТАРДЫҢ ЖАЛЫН-ЖІГЕРІ ЕЛМЕН ЕГІЗ

Президентіміз Қасым Жомарт Тоқаевтың халқымызға бағыттаған телевизиялық жолдауын зор ыждағатпен тыңдап, пәрменді тұстарын парасат пайымымызға сай замандас, құрдастарымызға жеткізгіміз келеді. Жастар-қоғамның қозғаушы күшіә десек, онда бүгінгі таңда жаппай дүрбелең тудырып жатқан төтенше жағдайдың отын сөндіруге жастардың қуатты күші керек-ақ. Ауданымыздағы «Жастар орталығы» МКМ-нің жастарының ұйымдастыруларымен көптеген игі бастамалар қолға алынды. Үндеуде Президентіміз 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялағанын білесіздер. Осы тұста Президентіміз: -Біздің күресіміз жалғаса береді.

Бұл індетті адамзат жуық арада жеңе қоймас. Алайда, уайым мен қайғыға батып, түрлі қауесеттерге сеніп, еңсемізді түсіруге тағы да болмайды.Салмақты, сабырлы болайық!Біздің жұмысымыз – айқын, қоғам алдында ешнәрсені жасырмай, ашық айтамыз. Болашақта да солай болады. Расында жалған ақпараттар легі толастар емес. Әрине осы сәтте дәрі-дәрмек мәселесі де көңілді алаңдатып отыр. Алай небір нәубеттерді басынан өткерген қазақ ұлтының еңсесі биік, ойлары еркін! Аудан жастарына айтарым үндеуді қолдай, қорғай отырып, ел ертеңінің иелері өздерің екенін жан-дүниесімен сезіне білудің өзі ұлық қасиет!

Жеңісәлі Төлепбергенов,

Түркістан облысы Созақ ауданы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *