Жеңгетайлық үшін притон ұйымдастырған адам ұсталды

Жеңгетайлық үшін притон ұйымдастырған адам ұсталды

36 просмотров

Жеңгетайлық үшін притон ұйымдастырған адам ұсталды

Түркістан облысы полицейлері жеңгетайлық пен притон ұйымдастыру жайтын анықтады деп хабарлайды aimak.com.kz ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың 4 сәуірі күні Түркістан облысының ПД-не облыс орталығының моншаларының бірінде жеңгетайлық үшін притон ұйымдастырылғаны туралы ақпарат келіп түскен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 309-бабы «Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық» бойынша СДТТБТ-ға тіркелген.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, облыстық ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері клиенттерге жеңіл жүрісті қыздардың қызмет көрсетуін ұйымдастырып, үстінен сыйақы алып, жеңгетайлықпен айналысқан мекеменің иесін құрықтады. Айғақты зат ретінде жедел уәкілдер оқиға орнынан ақша тәркіледі.
Сондай-ақ, полиция қызметкерлері тексеру барысында жеңіл жүрісті 6 қызды анықтады, олар Өзбекстан Республикасының азаматшалары екені белгілі болып, Түркістан қаласының азаматтарды қабылдап тарату орнына қамауға алынды.
Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша «Жезөкшелікпен айналысу үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қолхатта. Тәртіп сақшылары қазіргі таңда істің толық мән-жайын анықтауда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *