ЖЕЛ СӨЗ ВИРУСТАН ДА ҚАУІПТІ

ЖЕЛ СӨЗ ВИРУСТАН ДА ҚАУІПТІ

11 просмотров

ЖЕЛ СӨЗ ВИРУСТАН ДА ҚАУІПТІ

Бүгінде ақпараттың көптігінен көпшілік арасында әртүрлі пікірлер орын алуда. Тіпті, дәрігерлердің айтқанын емес, әлеуметтік желі мен ватсаптан келген кеңестерге құлақ асып жатқандар көп екені жасырын емес. Нәтижесінде әркім өзінше әрекет жасап, біреулер содамен, ал біреулер сорпамен емделіп жатыр.
Жуырда Түркістан қаласында өткен «TURKISTAN OPEN MEDIA-2020» форумында пандемия тұсындағы инфодемия туралы айтылды. Қазақстан Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Ғалымжан Елшібай пандемияның бұқаралық ақапарт құралдарына тигізген кері әсері жайлы сөз қозғаған болатын. Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Нұрбек Нышановта облыста орын алып отырған жағдай бойынша кең көлемде мәлімет берді. Онлайн форматта өткен форумға желі арқылы қосылған мамандар жалған ақпарат көп жағдайда сенсация қуалаудың кесірнен туындайтындығын айтты. Нәтижесінде көп халық зардап шегетіні анық. Сондықтан ақпарат таратқанда абай болып, жел сөз вирустан да қауіпті екендігін ескеру керек.

Қайрат Зайнишев.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *