ЖЕТІСАЙ: БАҚ ӨКІЛДЕРІ БАС ҚОСТЫ

ЖЕТІСАЙ: БАҚ ӨКІЛДЕРІ БАС ҚОСТЫ

53 просмотров

ЖЕТІСАЙ: БАҚ ӨКІЛДЕРІ БАС ҚОСТЫ

Жетісай ауданы әкімінің идеология жөніндегі орынбасары Мақсат Жанұзақұлы Жолдасбеков аудандағы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті. Кездесуде бүгінде елдің игілігіне атқарылып жатқан ілкімді істердің барысы айтылып, алдағы атқарылар жұмыстардың жоспарлары талқыланды. Жұмыс барысында жіберілген бірқатар кемшіліктер мен қолбайлау болған мәселелер де қаламгерлердің назарынан тыс қалмады.
Жиын барысында «7 сыр» Республикалық газетінің бас редакторы Жаппар Ғаппар «Біз жеке басымыздың қамын ойлап, пайда табу мақсатында емес, елдің игілігіне жұмыс істесек деп жүрген жандармыз. Билік пен бұқараны байланыстыратын алтын көпірдің рөлін атқарып жүрген мамандық иелеріміз. Сондықтан, жазатын, айтатын әрбір мәселеміз маңызды, негізді, тұрғындардың тұрмыстық жағдайларын жақсартуға ықпал ететіндей болуы керек» десе «SANUR TV» қоғамдық телеарнасының директоры Гүлмира Саржанова журналистер қауымын ауызбіршілікке, ынтымаққа шақырды. Қоғамның өзекті кез-келген мәселесін бірігіп шешуге болатынын жеткізді.

ЖЕТІСАЙ: БАҚ ӨКІЛДЕРІ БАС ҚОСТЫ


Ал, Республикалық «Уақыт» газетінің тілшісі Сатыбалды Жүнісбеков аудандағы тазалық мәселесін көтеріп, ретсіз күл-қоқыс тастаушылармен бірігіп күресу жұмыстарын жандандырып, құзырлы органдармен біргелікте күндізгі, түнгі рейдтік шаралар ұйымдастыру керектігі жайындағы ұсынысын айтты.
«Сіздер үшін есігіміз қашан да ашық. Қай кезде болса да сіздерді қабылдауға, мәселелеріңізді бірігіп шешуге әзірміз. Өйткені, бәріміздің мақсат-мүддеміз бір – елге қызмет ету. Біз бірігіп ынтымақта жұмыс істесек алынбайтын қамал жоқ. «Бірлік түбі – береке» деген жақсы сөз бар қазақта. Сондықтан, бірлігіміз бекем болсын!» деді Мақсат Жанұзақұлы.
Аудан әкімі орынбасарының сөзінен соң журналистика саласында өзіндік қолтаңбасы бар, талай талантты шәкірттерді тәрбиелеп, ақпарат айдынына қанаттандырып ұшырған ардагер журналист Жаппар Ғаппар ағамыз ақ батасын беріп, жиынды қорытындылады.
Ия, бүгінде елдің арасында жүріп, қоғамдағы «жақсылықты асыра білетін, жамандықты жасыра білетін» журналистер қауымына үлкен сенім мен жауапкершілік артылып отыр. Өйткені, қара сөзбен елді біріктіруге де, бүлікші етуге де болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *