ЖЕТІСАЙ ЖАНДАНЫП КЕЛЕДІ

ЖЕТІСАЙ ЖАНДАНЫП КЕЛЕДІ

26 просмотров

ЖЕТІСАЙ ЖАНДАНЫП КЕЛЕДІ

Жетісай десе көзімізге еңбегімен бақыттың басын иген жандар елестейді. Халқы тер төгіп еңбек етуге бейім бұл ауданда диқаншылық кәсіп жақсы дамығаны белгілі. Осы күні аудан күн санап көркейе түсуде. Бұлай деуімізге себеп жуырда Жетісай қаласындағы М.Әуезов-Қ.А.Яссауи көшелерінің қиылысына және Асықата кенті Әл Фараби көшесінің бойында оң өзгерістер орын алды. Атап айтсақ аудан әкімдігі тарапынан жол қауіпсіздігін арттыру және тұрғындардың жүруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында бағдаршамдар орнатылды. Жарықпен белгі беру арқылы бұл бағдаршамдар көшедегі, автомобил жолындағы кептелісті азайтып, жол көлік оқиғаларының алдын алып, қозғалысты реттеуге септігін тигізеді. Алдағы уақытта маңыздылығына қарай өзгеде көшелерге бағдаршамдар орнатылатын болады.

Айта кетейік, бүгінде аудан бойынша тұрғындардың саны 173 499 құраса,  аталмыш аймақтың  көлемі 104 634 га. Қазіргі таңда ауданның еншісінде бір қала, бір кент, онбір ауылдық округ бар. Ауданның орталығы Жетісай қаласы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *