ЖЕТІСАЙДА ЫҢҒАЙЛАСТЫРЫЛҒАН МЕКТЕП БОЛМАЙДЫ

ЖЕТІСАЙДА ЫҢҒАЙЛАСТЫРЫЛҒАН МЕКТЕП БОЛМАЙДЫ

72 просмотров

ЖЕТІСАЙДА

Аудандағы жалпы орта мектептерде оқитын оқушылардың білім сапасын арттырып, әлемдік деңгейге көтеру мақсатында Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаевтың бастамасымен бұрынғы ыңғайластырылған ескі ғимараттар типтік үлгідегі заманауи білім ұяларымен алмастырылып жатыр. Бүгінде қолданысқа беріліп жатқан типтік үлгідегі мектептер заман талабына сай құрал-жабдықтармен де толық жабдықталған. Мәселен, жаңа мектептерде оқушылардың сапалы білім алулары үшін аса қажетті компьютер, физика, химия, биология және лингафон кабинеттері мен сабақтан тыс уақыттарын тиімді ұйымдастыруларына арналған спорт және мәжіліс залдары, өрт және санитарлық талаптары толық сақталған асхана да қарастырылған.

ЖЕТІСАЙДА


«Заман талабына сай мектеп ғимараттарының салынуына бірінші кезекте мемлекет басшысы мен облыс, аудан әкіміне айтар алғысымыз шексіз. Өйткені, бұл мектептерде оқушылардың сапалы білім алуларына барлық жағдайлар жасалған, заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Ендігі мақсат – осы білім ұяларынан тек қана ұлтжанды, білімді азаматтарды тәрбиелеп шығару», — дейді аудандық білім бөлімінің басшысы Тұрсын Мырзалиев.

ЖЕТІСАЙДА


Айта кетейік, өткен жылдың қорытындысы бойынша аудандағы 71 мектептің 66-ы типтік үлгіде болса, 5-і ыңғайластырылған ғимараттарда жайғасқан. Апатты немесе үш ауысымды мектептер жоқ. Ыңғайластырылған білім ұяларын типтік үлгіге алмастыру мақсатында үстіміздегі жылы 300 орындық «Жанкелдин», 200 орындық «С.Ерубаев», 1200 орындық «Шоқан», 300 орындық «Тұран» және 300 орындық «Дәуір» жалпы орта мектептерінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Сонымен қатар, аудандағы демографиялық өсудің нәтижесінде мектеп тапшылығының алдын алу мақсатында Абай ауылдық округіне қарасты Отан елді мекенінен 300 орындық, ал, Атамекен ауылдық округінің Атамекен ауылынан 300 орындық жаңа мектептердің құрылысы қосымша жүргізілуде. Жыл соңына дейін құрылысы жүріп жатқан 7 мектептің 6-ын тапсыру жоспарланып отыр.

aimak.com.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *