ЖЕТІСАЙЛЫҚ ДИҚАНДАРДЫҢ ЖОСПАРЫ БІР ЖЕРДЕН ЕКІ РЕТ ӨНІМ АЛУ

ЖЕТІСАЙЛЫҚ ДИҚАНДАРДЫҢ ЖОСПАРЫ БІР ЖЕРДЕН ЕКІ РЕТ ӨНІМ АЛУ

17 просмотров

ЖЕТІСАЙЛЫҚ ДИҚАНДАРДЫҢ ЖОСПАРЫ БІР ЖЕРДЕН ЕКІ РЕТ ӨНІМ АЛУ

Аграрлық сектордың даму деңгейi барлық уақытта қоғамның әлеуметтiк-экономикалық әл-ауқатын анықтаушы факторы болғандықтан, бұл салаға байланысты мәселелердің барлығы мемлекеттің басты назарында. Саланың даму барысын тұрақты қадағалап, талқылап отыратын елімізде дихандар қауымына деген қамқорлықтар аз емес.
Жетісайлық дихандарының табанды еңбегінің арқасында өткен 2019-жылы ауданда 79,1 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, 125 мың тонна «ақ алтын», 556,6 мың тонна түрлі бақша және көкөністер, 8,3 мың тонна жеміс-жидек пен жүзім және 29,9 мың тонна дәнді, бұршақты дақылдардан жалпы соммасы 60 млрд 291 мың теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілген. Осылайша жалпы ішкі өнім көлемі 2018-жылмен салыстырғанда 4,5 млрд теңгеге артып, нақты көлем индексі 100,9 пайызға өскен.
Сонымен қатар, аудан шаруалары бір жерден екі өнім алу тәжірибесін кеңінен пайдаланып, өткен жылы 197 шаруа қожалығы 1023 гектар жерден екі өнім алу тәжірибесі арқылы 39 968 тоннадан астам өнім алған. Биыл 1500 гектар жерден екі өнім алу жоспарланып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *