Жылу маусымына дайындық қызу жүріп жатыр

Жылу маусымына дайындық қызу жүріп жатыр

22 просмотров

Жылу маусымына дайындық қызу жүріп жатыр

Түркістан қаласындағы тағы бір өзекті мәселе қысқы жылу мәселесі. Биыл қала әкімі Рашид Аюпов мырзаның тікелей бақылауымен жылу қазандығын көгілдір отын түріне өткізу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Құрылыс жұмыстары бастапқы кестеге сай белгіленген уақытта толық аяқталып, жұмысын бастайтын болады. Нысанның құрылысымен «Asi building» мердігер компаниясы айналысып 22 жұысшы қызмет істеуде. Оның 14-і «Халықты жұмыспен қамту» бағдарламасы арқылы жұмысқа орналасқан қала тұрғындары.

Елді елеңдеткен тағы бір мәселе газ түріндегі қазандықтар істен шығар болса, жылу жеткізу қалай болары еді. Мекеме басшылығының мәлімдеуінше халыққа алаңдауға ешқандай негіз жоқ. Жаңа қазандықтар арнайы Германиядан алынған. Олардың жарамдылық мерзімі 50 жылды құрайды. Төтенше жағдай бола қалғанның өзінде жылу жеткізу үшін көмір де алынып қойған.

Қаламыздағы жаңадан салынған «Отырар» мөлтек ауданында жаңа қазандықтар орнатылды. Сонымен қатар, Орталық мешіт жанында да тағы бір қазандықтың құрылысы жүріп жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *