ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ "ТАУ САМАЛЫ - ЖАН САМАЛЫ" ШАҢҒЫ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ «ТАУ САМАЛЫ — ЖАН САМАЛЫ» ШАҢҒЫ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

90 просмотров

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ "ТАУ САМАЛЫ - ЖАН САМАЛЫ" ШАҢҒЫ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Бүгін Түркістан облысы Төлеби ауданында «Тау самалы – Жан самалы» шаңғы фестивалі өтті. Оған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, осынау шараның өңіріміздегі бұқаралық спорт пен туризмді дамытуға айрықша серпін беретініне сенім білдірді. «Бүгін міне, Төлеби ауданындағы тау етегінде басталғалы тұрған «Тау самалы-Жан самалы» атты шаңғы фестивалін ұйымдастырудағы мақсаттарымыздың бірі — әрбір сүйем жері тарих шежіресіне айналған Түркістан өңірінің мәртебесін өсіріп, мерейін арттыру. Өңірдің тарихи-мәдени орындарын, аймағымыздың бренді саналатын туристік әлеуетін Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласының басымдықтарымен ұштастыра отырып дамыту. Президентіміз биыл Түркістан облысын құру туралы тарихи Жарлыққа қол қойған соң Түркістан қаласында ауқымды құрылыс жұмыстары басталды. Бұның бәрі Елбасымыздың Түркістанға деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығының арқасы. Бүгінгі «Тау самалы – жан самалы» фестивалі өңірдің туристік әлеуетін одан сайын жоғарылатады деп сенемін. Ендеше туған жердің табиғатына тамсанып, қысқы спортпен шұғылданып, жақсылап тынығып қайтыңыздар. Қазақтың төбе биі атанған ұлы қайраткері — Төле бидің есімін иеленген аудан келешекте туризм саласы өте жақсы дамыған ірі орталыққа айналады деп сенемін!», — деді аймақ басшысы. Мұнан соң, облыс əкімі осы жылдың тамыз айында Индонезияда өткен ХVІІІ жазғы Азия Ойындарында жеңімпаз және жүлдегер атанған 6 спортшыны, сонымен қатар, 2018 жылғы қарашада Ақтау қаласында бокстан ерлер арасында өткен ҚР чемпионатына қатысып, командалық І-орынды жеңіп алған 13 сайыпқыранды облыс әкімінің Алғыс хатымен және қаржылай сыйлықпен марапаттады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *