"ТҮРКІ БАҒЫНДАҒЫ" АЛЫП БӘЙТЕРЕК БҮРШІГІ

«ТҮРКІ БАҒЫНДАҒЫ» АЛЫП БӘЙТЕРЕК БҮРШІГІ

124 просмотров

"ТҮРКІ БАҒЫНДАҒЫ" АЛЫП БӘЙТЕРЕК БҮРШІГІ

«Түркі бағындағы» «Түркі елдері бірлігі» монументі алып бәйтерек бүршігін бейнелейді. Күллі түркі дүниесі үшін мәні мен мағынасы зор бұл «Түркі бағы» мен монументтің тарихы мен сыры да өз алдына ерекше. Монумент жобасындағы негізгі үш элемент — тарихы бір түркі елдерінің өткен кезеңін, бүгінін және жарқын болашағын бейнелейді. Сондай-ақ, монументтің сыртқы формасында түркі дүниесі — киелі бәйтерек бүршігінің образында бейнеленген. Себебі, бәйтерек – ежелгі таным бойынша тылсым қасиетке ие алып ағаш. Бәйтерек байырғы орта түсінігінде жердің дәл кіндігінде өсетін, тамыры жерасты, діңі адам әлемі, басы рухтар мекені болып табылатын көк тіреген алып ағаш. Монументтің күн шуағын шағылыстырған түсті металл және табиғи тастармен әрленуі нысанның заманауи сәулеттік өнер туындысы екендігін білдіреді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *