ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНДЕ ЖЕРЛЕНГЕН ЕСІМ ХАН ЖАЙЫНДА.

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНДЕ ЖЕРЛЕНГЕН ЕСІМ ХАН ЖАЙЫНДА.

144 просмотров

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНДЕ ЖЕРЛЕНГЕН ЕСІМ ХАН ЖАЙЫНДА.

ЕСІМ СӘМЕКЕҰЛЫ XVIII ғасырдың екінші жартысында билік құрған қазақ хандарының бірі. Тарихи деректерде есімі Есим, Ишим [Ерофеева, 2001. С.81] үлгілерінде кездеседі. Есімнің туған және қайтыс болған жылдары белгісіз. Билік құрған жылдары шамамен 1756- 1798 жылдар арасы. 1798 жылы ташкенттік билеуші Жүнісқожаның Оңтүстік Қазақстан аймағын өзіне бағындыруына орай Есім ханның Түркістан қаласы мен оның айналасындағы отырықшы елдімекендерге жүргізген билігі тоқтаталған [ИКРИ-6. С. 161]. Есім — Сәмеке ханның кіші ұлы, Тәуке ханның немересі. Қазақ хандарының Жәдік әулетіне жатады. Оның перзенттері арасынан танымал болғандар — Шаңхай, Айшуақ, Қодайменде сұлтандар. Түркістан айналасындағы шағын елдімекендер және осылардың айналасындағы көшпелі қазақ ауылдары басшыларының қолдауымен Әбіл ханға қарсы әрекет ретінде хан етіп сайланған. XVIII ғасырдың 50-60 жылдары Әбіл ханмен Түркістан үшін таласып 1758 жылы өз қарсыласын қаладан қуып шығады. 1762 жылы Абылай сұлтанмен Орта жүздің әйгілі биі Қаз дауысты Қазыбектің ара-ағайындығы арасында бәсекелес жақтар арасында келісім жасалып Түркістан қаласы мен оның аймағындағы басқа да қалашықтарға Әбіл пен Есімнің билігі жүретін болды. Бейбіт келісімге сай екі ханға Түркістан қаласы және оған қарасты елдімекендер екіге бөліа берілді. Түркістан қаласының бір бөлігі белгілі бір қақпаларымен және осы бағытта орналасқан елдімекендер Әбілке тиесілі болды. Қаланың екінші бөлігі және оған тиесілі қақпалар, сыртқы қалашықтар Есімге қарады. Әбіл қайтыс болған соң оның бөлігін баласы Болат иеленгенде Есім Түркістан қаласын сонымен бөлісіп басқарды [Ерофеева, 2001. С. 119]. Есім хан мен Болат хан арасында жасырын бәсекелестік, көреалмаушылық ушыққаны Д.Телятников пен А.Безносиковтың 1796-1797 жылдары Ташкентке жасаған саяхаты есебінде айқын көрініс тапты: «… владеющие ныне Туркестаном — Ишим и Булат ханы. Жестокость помянутых владельцев к бедным туркестанцам весьма велика … Ханы, ревнуя один к другому, вели между собою несогласие, а потому один из них — Ишим-хан — просил бухарского владельца Шасират-бека о принятии города в покровительство свое, который, охотно приняв предложение сие, прислал с 20 человеками воинских людей чиновника, коий, прибыв, город без сопротивления, да и окрестные местечки взяв в поданство, управляет оными. И Ишим же хан, узнав свою ошибку, остался в опасных обстоятельствах» [ИКРИ-6. С. 161-162]. Есім хан өз қателігін түсінгендей болып енді Ташкент билеушісі Жүніске жүгінеді [ИКРИ-6. С. 166]. Осылай хандардың алауыздығы, билікке таласы арқасында Түркістан қаласы Бұқараға, кейін біраз уақыт Ташкентке тәуелді болып шыға келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *