«АРАЙ-2020» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

«АРАЙ-2020» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

51 просмотров

«АРАЙ-2020» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Күні кеше Түркістан қаласында «Арай-2020» жас эстрада әншілері мен мәдени іс-шара жүргізушілері байқауы қорытындыланып, жеңімпаздары анықталды. Р.Сетметов атындағы сазды-драма театрында өткен ақтық сында 38 үміткер қатысып, өзара мықтыны анықтаған болатын. Өте тартысты өткен байқау қорытындысына сәйкес ән байқауының бас жүлдесіне Аплатон Рақымжан лайық деп танылса, «Алтын жұлдыз» дуэті жүлделі бірінші орынды иеленді. Ал Жайна Әпсаттар екінші орыннан көрінсе, Ардақ Ысқақова мен Сәтдаулет Сүлейменов үшінші орын иегерлері атанды.

«АРАЙ-2020» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ


  Ал, мәдени іс-шара жүргізушілерінің сайысында бас жүлде Инабат Абытханқызына бұйырса, Нұрайым Төлебек жүлделі бірінші орынды қанжығасына байлады. Жасмина Анарбек екінші, Дастан Әлжанов пен Нүркен Абрахман үшінші орынды қанағат тұтты.
Бұдан бөлек, облыстық мәдениет басқармасының арнайы жүлдесі» —
— Мамырхан Жұбатовқа, «Көзімнің қарасы» номинациясы Ернур Әлібекке, «Көрермендер көзайымы» номинациясы – «Ugai» тобына, «Қазылар алқасының арнайы жүлдесі» Айман Пірімжарға табыс етілді.

«АРАЙ-2020» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ


Сондай-ақ, іс-шара жүргізушілері арасынан
облыстық мәдениет басқармасының арнайы жүлдесі» — Абзал Құралбаевқа,
«Өлең сөздің патшасы» номинациясы Алтынай Шырынханға, «Көрермендер көзайымы» номинациясы Нұрсұлтан Отарға табысталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *