Халықтық топ мүшелері Праймеризге үміткерлердің ашық дебатын бақылауына алды

Халықтық топ мүшелері Праймеризге үміткерлердің ашық дебатын бақылауына алды

7 просмотров

Халықтық топ мүшелері Праймеризге үміткерлердің ашық дебатын бақылауына алды

Праймеризге үміткерлердің ашық дебатына #ХалықтықТоп өкілдері де қатысты. Олар ел арасынан халық қалаулысы атануға ниет білдіргендерді өз көздерімен бақылап, ел ішінде болып жатырған жағдайларға шешімдерін, ұсыныстарын тыңдап, сауалдарын қойды. Естеріңізге сала кетейік, «Nur Otan» партиясының партияішілік сайлауына Түркістаннан 1144 азамат ниет білдіріп, ашық пікір-сайысқа қатысуға 106-сы келісім білдірген.

106 үміткер де елдің ертеңі үшін бейжай қарамайтыны көрсетіп, өз жобаларымен елді таныстыруын жалғастыруда. Сонымен қатар, сайысқа қатысушыларға тосыннан қойылған сауалдар мен сұрақтар арқасында үміткерлердің тез, дұрыс шешім қабылдау мүмкіншілігі де сарапқа түсуде. Осы бағытта суырылып шығып, өзгелерден оқ бойы озық тұрған, келген қонақтардың қошеметіне бөленгендері де жоқ емес.

#ХалықтықТоп мүшесі Ғани Темірәліұлының қазіргі уақытта қалалық мәслихатта қызмет атқарып жүрген депутаттарға өз бағдарламалары аясында қаншалықты жұмыс жасап жүргенін сұраған болатын. Өз кезегінде халық қалалулылары көптеген отбасыларға қоныс тойын тойлауларына өз үлестерін қосқандығын айтты. Халық арасынан белсенділігін танытып, қаланың келешегі үшін құрылған топқа мүше болғандар мұнымен тоқтап қалар емес. Олар алдағы барлық пікірсайыстарға қатысып, саналуан сауалдарға жауап сұрап көрмек ниетте.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *