КАРАНТИН РЕЖИМІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛМАЙДЫ

КАРАНТИН РЕЖИМІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛМАЙДЫ

60 просмотров

КАРАНТИН РЕЖИМІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛМАЙДЫ

Құрметті мұсылман бауырлар!

Сіздерді келе жатқан Ұлық мереке — Құрбан Айт мерекесімен құттықтаймыз! Айт күнгі ізгі ниеттеріңіз бен шалған құрбандықтарыңызды Алла тағала қабыл етсін.

Биылғы Құрбан Айт мерекесі пандемияға байланысты жарияланған карантинге тұспа-тұс келіп тұр. Сондықтан, әкімдікпен діни басқарма бірлесе қасиетті күндері мейлінше адамдардың көп жиналмауы әрекеттерін қарастыруда.

Құрбандық шаламын деген азаматтар өтінішті Qurban2020.kz сайты арқылы жіберуіне болады. Жалпы, Құрбан айт биыл 31 шілде және 1-2 тамыз аралығында өтеді. 31-і күні арқан бойы көтерілген уақыттан 2 тамыз күні Ақшам намазына дейін құрбандыққа мал союға болады. Ол үшін арнайы орын облыстық Түркістан — Қожа Ахмет Яссауи мешітінде (Р. Сұлтанбегім көшесі №24 Б) бекітілген. Одан өзге, жақын маңдағы мешіттерде де құрбандық шалуға болады. Айта кетейік, еліміздегі карантин режиміне байланысты биыл Құрбан айт намазы оқылмайды.

Қазірде әлеуметтік жағдайы төмен 60 адамның тізімі мешіттерге берілген. Егер Сіз де осындай құрбандық шалынған малдың етіне зәру болсаңыз, өзіңізге жақын орналасқан мешітке барып, өтініш тастай аласыз.

Түркістандықтарды мейлінші үйде құрбандық шалуға шақырамыз. Сыртта құрбандық шалар болсаңыздар міндетті түрде арақашықтық сақтап, бетперде тағуды ұмытпағайсыздар!

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *