КЕСЕНЕ ЖАНЫНАН ТЕҢДЕСІ ЖОҚ «ЭТНОАУЫЛ» БОЙ ТІКТЕДІ

КЕСЕНЕ ЖАНЫНАН ТЕҢДЕСІ ЖОҚ «ЭТНОАУЫЛ» БОЙ ТІКТЕДІ

71 просмотров

КЕСЕНЕ ЖАНЫНАН ТЕҢДЕСІ ЖОҚ «ЭТНОАУЫЛ» БОЙ ТІКТЕДІ

Ұлыстың ұлы күнін тойлауға дайындық өңір орталығы Түркістан қаласында қызу жүруде. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің жанынан бой көтерген «Этноауыл» алаңын аралады. Бірегей жоба Наурыз тойына келген қонақтар мен шетелдік саяхатшылар үшін тарихы терең қазақ мәдениетімен толығырақ танысуға жақсы мүмкіндік береді. Көне ғасыр мекенінде саз балшықтан үйлер тұрғызылып, ағаштан құрастырылған қоршаулар мен көпір, өткелдер орнатылған.

КЕСЕНЕ ЖАНЫНАН ТЕҢДЕСІ ЖОҚ «ЭТНОАУЫЛ» БОЙ ТІКТЕДІ

Мәртебелі меймандар мен сырттан келген шетелдіктер мұнда көне ғасыр кейпіндегі үйлерді аралап, сол дәуірдің асханаларынан дәм татып, шеберлер көшесі мен ертегілер мекені, сарбаздар ауылы және шығыс базарының үлгісін өз көздерімен тамашалай алады. Наурыз мерекесі күндері бабалар дәуіріне саяхат жасататын көшпелі ауылда киіз үйлер тігіліп, ұлттық ойындар ойнатылады. Құрылыс барысы тарихи нысанның сақталу талаптары ескеріле отырып жүргізіліп жатыр. Өткен мыңжылдықтан сыр шертетін Қазақ ауылы 14-наурызда ашылады.

КЕСЕНЕ ЖАНЫНАН ТЕҢДЕСІ ЖОҚ «ЭТНОАУЫЛ» БОЙ ТІКТЕДІ

Облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы кесенеге барар жолда орналасқан Қашқари гүл бағын көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстарын көрді. Саябақ санының артуы шаһардың экологиялық ахуалын және эстетикалық бейнесін жақсартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, өңір басшысы бұрынғы әкімдік ғимаратында жүріп жатқан құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Есімхан алаңында орналасқан ғимарат енді заманауи қонақ үйге айналады. Өңірде туризм саласын дамыту мақсатында жарты жылда қолжетімді де әлемдік стандарттарға сай жаңа қонақ үй кешені ашылады.

Сонымен қатар, облыс әкімі теміржол вокзалы алдындағы аллеяның күрделі жөндеу жұмыстарының барысын тексерді. Мұнда аяқжол төсеу, жарық көздерін және орындықтар мен қоқыс жәшігін орнату, кіші архитектуралық пішіндер қою жоспарлануда. Сондай-ақ, су ұңғымасы қазылып, декоративті ағаш көшеттері отырғызылады. Алдағы уақытта теміржол вокзалының ішкі жүйесі де заманауи талапқа сәйкестендірілмек. Қалаға келген туристер үшін ақпарат алу бекеті сынды жүйелерді қою көзделген. Күрделі жөндеуден өткен аллея Наурыз мерекесі қарсаңында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *