ТҮЛКІБАСТА САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ЖҮЙЕЛІ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

ТҮЛКІБАСТА САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ЖҮЙЕЛІ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

14 просмотров

ТҮЛКІБАСТА САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ЖҮЙЕЛІ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

Елімізді дүрліктірген коронавирус пандемиясының алдын алу шараларының басты бөлігінің бірі ол, халық көп шоғырланатын орындарды арнайы сұйықтықпен залалсыздандыру болып табылады.
Осыған орай бүгін Түлкібас ауданында аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен кезекті рет залалсыздандыру шаралары іске асты.

Атап айтар болсақ, 16 маман және 1 дана арнайы техника аудан орталығындағы халық көп шоғырланатын Рысқұлов және Жантұров көшелерінің бойындағы 4,7 шақырым аяқ жол мен аялдамаларға және орталық базар мен сауда үйлерінің кіре берістеріне залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді.

ТҮЛКІБАСТА САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ЖҮЙЕЛІ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

Бүгінде Түлкібас ауданында дезинфекция жұмыстарын әкімшілік тарапынан бекітілген кестеге сай тиісті мекемелер жүзеге асыруда. Аудан орталығында халықтың көп шоғырланатын аумақтарды залалсыздандыру тәулігіне 2 рет 11-көше (3200 ш.м) мен 6 аялдама (1200 ш.м) дезинфекциялау бойынша жалпы 4400 ш.м.-ге сызбасы бекітіліп, тұрақты жұмыстар жүргізілуде.

Сонымент қатар ДСУ мөлтек ауданы мен Пушкин көшесінде орналасқан көп қабатты үйлердің кіреберістері мен аула аумақтарын, жер үсті жаяу жүргіншілер өтпелерінің таяныштарын, трртуарларды, балалар және спорт алаңдарын, ашық ауада орналасқан орындықтар мен сәкілерді дезинфекциялау бойынша 5618 ш.м.-ге сызбасы бекітіліп, арнайы мекемелер тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *