ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА 6 МЕКТЕП ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА 6 МЕКТЕП ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

28 просмотров

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА 6 МЕКТЕП ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Бүгін Төлеби ауданы әкімі Бауыржан Омарбеков құрылысы жүргізіліп жатқан бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Атап айтқанда, 200 орындық Қайнар жалпы орта мектебінің, 200 орындық «Ақбастау» жалпы орта мектебінің, Көксәйек елді мекеніндегі 100 орындық бастауыш мектебінің, Қ.Тыныбеков атындағы орта мектебінің спорт залының, Ленгір қаласындағы №5 гимназия мектебінің 200 орындық оқу блогы, спорт зал, асхана, шеберханаcы және №1 мектеп гимназиясының акт залы, кітапханасы, шеберханасы, асханасы бар 300 оқушы орнына арналған оқу блогының құрылыс жұмыстарымен жіті танысты. Нысандарды көру барысында жауапты бөлім мен мердігер мекемелердің басшыларына құрылыстың сапасы мен белгіленген кестеге сәйкес берілуіне баса назар аударып, бақылауды күшейтуді тапсырды. Аталған оқу ғимараттарының құрылысын осы жылы аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда .Сонымен қатар биыл №2 Ш.Уәлиханов атындағы білім ордасының екі корпусы күрделі жөндеуден өтуде. Одан бөлек, Диханкөл мектебінің оқу ғимараты, №16 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып ғимараты және Қ.Мамытов атындағы жалпы орта мектебінің оқу ғимаратында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болса, Шомшақты мектебінің қосымша 150 орындық оқу ғимаратын, шеберханасын, акті залын, спорт залын соғу көзделіп отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *