Табиғи газды пайдалану көмірмен салыстырғанда өте тиімді

Табиғи газды пайдалану көмірмен салыстырғанда өте тиімді

21 просмотров

Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары!

Табиғи газды пайдалану көмірмен салыстырғанда өте тиімді

Табиғи газды пайдалану көмірмен салыстырғанда өте тиімді және қауіпсіз болып саналады.

1.Қысқы жылыту кезеңінде 1 жеке тұрғын үй шамамен 700 м3 газ тұтынады (үйдің шаршы алаңына байланысты).1м3 табиғи газдың бағасы 32,4 теңге немесе 1 айға 22 680 теңге. Көмірдің шығыны 1 айға 36 000 теңге. Бұл қысқы кезеңде (күл шығару және т. б.) қаражатты үнемдеуге және қызмет көрсетуді жеңілдетуге мүмкіндік береді).

Табиғи газды пайдалану көмірмен салыстырғанда өте тиімді

Қазандықтарды орнату халыққа өз тұрғын үйінің ішіндегі температуралық режимді реттеуге мүмкіндік береді (температураны біркелкі ұстап, ыстық суға ие болады).

Үйдің және сыртқы ауаның экологиялық жағдайы жақсарады. Ағымдағы жылы аяқталатын Түркістан қаласын қарқынды газдандыру жүріп жатыр.

Тұрғындардан қатты отын түрінен табиғи газға көшуге белсенді қатысуды сұраймыз. Өйткені, бұл жұмыстар экологиялық жағдайды жақсарта алады және адамдардың денсаулығына оң әсерін тигізеді.

2.Сондай-ақ, Түркістан облысының әкімдігі әлеуметтік және кәсіпкерлік қызметті қатты отыннан табиғи газға көшіру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Нәтижесінде, бір монша және сегіз әлеуметтік нысан табиғи газға қосылды.

Жеке кәсіпкерлерден көмірмен жұмыс істейтін қазандықтарды табиғи газға айналдыру жұмысын ширатуды өтінеміз.

Түркістан қаласы әкімдігінің «Инфрақұрылым және коммуникациялар» бөлімінен белгіленген жауапты маман — Бейбітжан Бимағанбетов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *