«Үш буынды модель құру» Президент жолдауын полицейлер қолдады

«Үш буынды модель құру» Президент жолдауын полицейлер қолдады

20 просмотров

«Үш буынды модель құру» Президент жолдауын полицейлер қолдады

Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Асылжан Қалдарбеков Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Б.Бейсенов атындағы академиясында студенттерге білім беру процесі бойынша өткізілген жиынға қатысты.

«Үш буынды модель құру» Президент жолдауын полицейлер қолдады

Аталған шарада негізгі басымдық Президент Қ.Ж.Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда енгізілетін сот төрелігінің үш буынды моделі тақырыбына берілді. Мұндай тәсіл тепе-теңдік жүйесін нығайтып, әр кезеңде тиімді саралау жүргізіп отыруға мүмкіндік берілмек.

«Үш буынды модель құру» Президент жолдауын полицейлер қолдады

ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастамасымен бастау алған іс-шарада жедел-криминалистикалық блоктың жұмысына жетекшілік ететін тергеу, анықтау қызметкерлері сотқа дейінгі тергеп-тексеру, қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларын іске асыру кезіндегі мәселелерді шешу тәжірибелерімен бөлісті.

Одан бөлек, болашақ тергеушілер мен анықтаушыларға оқыту кезінде Заңның үстемдігін қамтамасыз ету бойынша елдің стратегиялық даму басымдықтары, ең бастысы Қазақстан Республикасы азаматтарының қауіпсіздігіне кепілдік беру түсіндірілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *