ӘБДІҒАППАР СМАНОВ ӨМІРДЕН ОЗДЫ

ӘБДІҒАППАР СМАНОВ ӨМІРДЕН ОЗДЫ

137 просмотров

ӘБДІҒАППАР СМАНОВ ӨМІРДЕН ОЗДЫ

Елуді еңсерген шағында ел ағасы, белгілі дін қайраткері Әбдіғаппар Сманов дүние салды деп хабарлайды muftyat.kz

Әбдіғаппар Сманов 1970 жылдың ақпанында Түркістан облысының Сарыағаш ауданында дүниеге келді. 1990-1994 жылдары Бекабад қаласындағы «Мағрифат» медресесінде (Өзбекстан) діни білім алды. 1994 жылдан бастап «Таяқты ишан» мешітінде бас имам және осы мешіт жанындағы медреседе ұстаздық қызмет жасады.

2010-2016 жылдары Сарыағаш медресе-колледжі директорының орынбасары, 2016 жылдың желтоқсанынан бастап Сарыағаш медресе-колледжінің директоры қызметін атқарды.

Әбдіғаппар Шәкірұлы Қазақ топырағындағы Ислам дінінің гүлденуі жолында елеулі еңбек атқарды. ҚМДБ-ның Республикалық ақпараттық насихат тобы құрамында еліміздің бірқатар аймағында болып, жұртшылықпен жүздесіп, асыл дініміздің насихатшысына айналды.

Алланың рақымы, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шапағаты болғай!

One thought on “ӘБДІҒАППАР СМАНОВ ӨМІРДЕН ОЗДЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *