«АДАМДАРДЫҢ ӨЗ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ДЕГЕН ЖАУАПКЕРШІЛІГІ АРТСА ДЕЙМІН»

«АДАМДАРДЫҢ ӨЗ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ДЕГЕН ЖАУАПКЕРШІЛІГІ АРТСА ДЕЙМІН»

5 просмотров

«АДАМДАРДЫҢ ӨЗ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ДЕГЕН ЖАУАПКЕРШІЛІГІ АРТСА ДЕЙМІН»

Денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамту шеңберінде медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын және пациенттің қауіпсіздігін арттырудың халықаралық танымал құралдарын енгізу жұмысы жалғасуда. Елде медициналық көмектің сапасын басқару моделі жетілдірілетін болады, сол орайда бар күш жігерімді қосамын деген ниеттемін.

Мені толғандыратын мәселе қазіргі уақытта адамдардың өз денсаулығына деген жауапкершілігі артса деймін. Себебі, адам денсаулығының өзгеруі ең алдымен адамның өзіне байланысты. Өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, дәрігерлер ұсынысын қабыл алып, салауатты өмір салтын сақтанса адамзаттың денсаулық жағдайы әлдеқайда жақсарар еді. Барлық медициналық қызметкерлердің әрбір пациентті мұқият қарауын талап етемін, жанына араша іздеген халыққа еміне шипа беруге міндеттіміз. Пациент барда – біз бармыз. Цифрлы технологияларды дамыту медицина саласының дамуына оң әсер етеді. Соған байланысты ғылым, білім және тәжірибе бірге жүреді. Мәселен, қазір науқастың тіркелуінен бастап барлығы сандық жүйеде жасалады. Яғни, оның ем алуы, диагностика, барлығы сандық технологиямен жабдықталған құрылғылар көмегімен атқарылады. Сондай-ақ, қазір қашық жерде отырып науқасқа диагностика жасап, оған ем-шара жүргізуге болады. Мұның барлығы цифрлы технологиялардың дамуының арқасы және көрсетіліп жатқан көмектің ашықтығын, яғни бармақ басты көз қысты шаруалардың алдын алады.

Райымбек Тасырбаев,

 Түркістан қалалық емханасының бас дәрігері.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *