БЕК НҰРМАҒАНБЕТТІҢ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМЫ СӘТТІ БАСТАЛДЫ

БЕК НҰРМАҒАНБЕТТІҢ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМЫ СӘТТІ БАСТАЛДЫ

23 просмотров

БЕК НҰРМАҒАНБЕТТІҢ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМЫ СӘТТІ БАСТАЛДЫ


⠀Кеше «Suleimen Promotions» промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен Минск қаласында кәсіпқой бокс кеші өтті.

Кәсіпқой бокста 2-ші орта салмақта өнер көрсететін, WBO Global, WBC Asia және WBA International белбеуінің иегері Айдос Ербосынұлы (14-0-9KO) Германияның спортшысы Нуху Лавалмен (27-7-15КО) кездесті.⠀Толық өткен кездесудің нәтижесінде төрешілер шешімімен Айдос Ербосынұлы жеңіске жетті.⠀
Осы байрақты бәсекеде кәсіпқой бокстағы алғашқы қадамын жасаған түркістандық 22 жастағы Бек Нұрмағанбет венгриялық 23 жастағы Тамас Ласкимен (19-22, 1KO) кездесіп, алғашқы раундта қарсыласының шаңын қақты. Ойынды алғашқы рауында түйіндеген Бек 2019 жылы әуесқой бокста Азия чемпионы атанып, Ресейде өтетін Әлем чемпионатына баруы тиіс еді. Бірақ жарақат салдарынан оның орнын Бекзат Нұрдәулетов алмастырып, топ жарған болатын.
Айта кетейік, «Suleimen Promotions» промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен Минск қаласында өткізілген кәсіпқой бокс кешінде бұл кездесулерден бөлек, өзге жерлестеріміз Евгений Павлов, Нұрсұлтан Аманжолов та қарсыластарын ұтты. Ал жартылай орта салмақтағы Нұрсұлтан Жаңабаев (8-1-5KO) күтпеген жерден француз боксшысына есе жіберді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *