ХҚТУ КІТАПХАНАСЫ ОНЛАЙН ЖҰМЫСҚА КӨШТІ

ХҚТУ КІТАПХАНАСЫ ОНЛАЙН ЖҰМЫСҚА КӨШТІ

27 просмотров

ХҚТУ КІТАПХАНАСЫ ОНЛАЙН ЖҰМЫСҚА КӨШТІ

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ғылыми кітапханасы онлайн жұмыс режиміне көшті. Төтенше жағдай кезінде университеттің оқытушылары мен студенттеріне http://library.ayu.edu.kz веб-сайтындағы оқу процесіне қажетті pdf форматтағы электронды оқулықтарды қашықтықтан пайдалануына және Rmeb электронды кітапханасын http://rmebrk.kz/social/login жыл бойы тегін пайдалануға толық мүмкіндік жасалған.

Сондай-ақ, пайдаланушылар кітап өткізуде кітапхананың http://lib.ayu.edu.kz сайтында берілген «Университет кітапханасы COVID-19 кезеңінде» сілтемесі бойынша алдын ала жазылу арқылы жүзеге асырады. Кітапханада кітаптарды қабылдауға арналған арнайы қабылдау пункті ұйымдастырылған. Пайдаланушы кітапты қайтару парағын толтырып, кітаптарын кітапханада арнайы ашылған пункте қойылған қорапқа салып кетеді. Қабылданған кітаптар қайтарылған күні көрсетіле отырып, 10-14 күнге дейін оқшауланған бөлмеде қалдырылады. Пайдаланушылардан кітаптарды қабылдау кезінде қолданылатын құралдар мен RFID жабдықтарын дезинфекциялау жұмыс күні ішінде сағат сайын жүргізілетін болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *